2021 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3) және 6) тармақшаларына, 34-бабы 9-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» № 58 қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) бекітті.
Қаулыда мыналар көзделеді:
- инвестициялық портфельді басқаратын кастодиан-банктің және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры комиссиясын зейнетақы активтерінен өндіріп алу үшін салыстыру актісіне қол қою тәртібін түсіндіру, атап айтқанда, аталған салыстыру актісіне қол қоюшылар тізімінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан (бұдан әрі – ҚРҰБ) зейнетақы активтерін басқарушы ретінде алынып тасталды, өйткені оның актіге қол қоюы банк-кастодиан ретінде жүзеге асырылады;
- зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқарудан ҚРҰБ-ның сенімгерлік басқаруына беру тәртібін түсіндіру, атап айтқанда, міндетті зейнетақы жарналарынан зейнетақы төлемдерін төлеу құқығы болған жағдайда, яғни , бірінші және екінші топтағы мүгедектік алған кезде, егер мүгедектік мерзімсіз белгіленсе, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен кезде, кету фактісін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған құжаттарды ұсынған жағдайда инвестициялық портфельді басқарушының алдын-ала хабарламасы алынып тасталды;
- ерікті зейнетақы жарналары негізінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Заңына сәйкес кепілдендірілген өтемақының талап етілмеген сомалары есебінен алынған ерікті зейнетақы жарналары негізінде салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шотын мәлімдемесіз ашу тәртібі.
Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелді және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды.
ҚНРДА сыртқы коммуникация басқармасы:
press@finreg.kz
+7(727) 2371 090