Қаңтар айында жарнамалық қызметті мониторингтеу нәтижелері бойынша реттеушінің бірқатар банктер мен МҚҰ-ға қолданған шаралары туралы

Қаңтар айында жарнамалық қызметті мониторингтеу нәтижелері бойынша реттеушінің бірқатар банктер мен МҚҰ-ға қолданған шаралары туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2021 жылғы қаңтарда ықтимал алаяқтық және басқа да заңсыз іс-әрекеттер мәніне қаржы ұйымдарының жарнамалық қызметін жүйелі мониторингтеу қорытындылары бойынша ықпал ету шараларын қолданды.

 ЕДБ-ға қатысты заңсыз іс-әрекеттер мен алаяқтық фактілері анықталған жоқ, ағымдағы жылғы қаңтар айында ЕДБ-ны дұрыс емес жарнамалау фактілері анықталды, олар бойынша ұсынымдық қадағалап ден қою шаралары қолданылды.

«Kaspi Bank» АҚ-қа – лицензияның берілген күні және лицензияны берген уәкілетті орган туралы мәліметтерді қате көрсете отырып, банк қызметтерін жарнамалай отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында хабарламаларды орналастыру бойынша бұзушылық үшін.

«АТФБанк» АҚ-қа қатысты – Банктің ресми интернет-ресурсындағы «Сатуға арналған банктің кепіл және меншікті мүлкі» бөлімінде, сондай-ақ www.krisha.kz интернет-ресурсында қарыз алушыға жеке меншік құқығында тиесілі кепіл мүлкін сату туралы жарнаманы жариялауды бұзғаны үшін.

Бұдан басқа, Агенттік микроқаржы ұйымдарына қатысты жалпы сомасы 437 540 теңгеге айыппұл түрінде 2 әкімшілік жаза шығарды.

«TEZ FINANCE» микроқаржы ұйымы» ЖШС-қа Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасына сәйкес келмейтін шарттарда микрокредит ұсынуға байланысты жарнаманы бұқаралық ақпарат құралдарында таратуда немесе орналастыруда әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 291 690 теңге айыппұл салынды.

«ОнлайнКазфинанс» микроқаржы ұйымы» ЖШС-қа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерінен асатын әкімшілік құқық бұзушылық үшін 145 850 теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ, «Тайынша АгроФинанс» кредиттік серіктестігі» ЖШС және «Қызылту Несие» кредиттік серіктестігі» ЖШС 145 850 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Микроқаржы ұйымдарының қызметіндегі заңсыз операциялар мен алаяқтық туралы мәліметтер анықталған жоқ. 2021 жылғы қаңтарда Агенттік бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру нарығының субъектілеріне қатысты бұзушылықтарды, сондай-ақ заңсыз іс-әрекеттер мен алаяқтық фактілерін анықтаған жоқ.

Халықпен өзара іс-қимыл жасайтын қаржы және өзге де ұйымдардың жарнамалық қызметіне алаяқтық және басқа да заңсыз іс-әрекеттердің мүмкіндігі тұрғысынан мониторинг жүргізу көздері мыналар болып табылады:

- қаржы және өзге де ұйымдар Агенттікке, оның ішінде Агенттіктің сұратуы бойынша ұсынған құжаттар мен ақпарат;

- жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан түскен өтініштер, құжаттар мен ақпарат;

- қаржы және өзге де ұйымдардың интернет-ресурстары;

- әлеуметтік желілер («Facebook», «Twitter», «Instagram», «ВКонтакте», «Telegram»);

 - қаржы және өзге де ұйымдардың мобильді қосымшалары;

- теле-, радио арналардағы, қоғамдық көліктегі, мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама, сондай-ақ сыртқы жарнама.

- Мониторинг Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және ҚР облыс орталықтарында жүргізілді.

 

           

жедел желі телефоны: +7 (727) 237 1000

жұмыс режимі: дүйсенбі - жұма сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін

 

баспасөз қызметінің телефоны: +7 727 237 1090

БАҚ сұратулары үшін: press@finreg.kz