«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021ж.02.01. №399-VI Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы жеке меморандумға шығарылымды мемлекеттік тіркеу, өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін, сондай-ақ жеке меморандумға жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін құжаттарға қойылатын талаптарды айқындайтын №16 Қаулы[1] қабылданды.
Қаулы мыналарды көздейді:
1) облигацияларды жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар тізбесін қысқарту;
2) уәкілетті органның осы облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттарды қарау мерзімдерін үш жұмыс күніне дейін қысқарту;
3) құрылымы облигациялар шығарылымы проспектісіне қарағанда ақпараттың қысқартылған көлеміне ие жеке меморандумды ұсыну туралы талап.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі – 2021ж.27.02.
[1] 2021 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген № 22198 «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттiк тiркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны жасау және ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 248 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 9 ақпандағы № 16 қаулысы