ҚНРДА зейнетақы активтерін жеке басқаруға беру мәселелері жөніндегі НҚА бекітті

ҚНРДА  зейнетақы активтерін жеке басқаруға беру мәселелері жөніндегі НҚА бекітті

Азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке басқарушы компаниялардың сенімгерлік басқаруына аудару құқығын беретін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы №399-VI Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы 2021 жылғы ақпанда мынадай қаулылар қабылдады:

2021 жылғы 9 ақпан

№15 «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен инвестициялық портфельді басқарушы арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың үлгі нысанын бекіту туралы»;

№17 «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы»;

2021 жылғы 11 ақпан

№21 «Зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы»;

2021 жылғы 12 ақпан

№26 «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

№27 «Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

№25 «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақыны өндіріп алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 185 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»;

2021 жылғы 15 ақпан

№29 «Зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушыға қойылатын талаптарды, сондай-ақ осы зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту және «Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

 №30 «Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларын, сондай-ақ Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы»;

         №31 «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы».

Барлық нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтті және ресми жариялауға жіберіледі.

 

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері

+7(727)2371090 телефоны арқылы алуына болады

email: press@finreg.kz