Еншілес ұйым құруға "АТФБанк" АҚ берген рұқсаттың күшін жою

Еншілес ұйым құруға  "АТФБанк" АҚ берген рұқсаттың күшін жою

«АТФБанк» АҚ-ға тиесілі «Шымкент сыра қайнату зауыты» ЖШС-нің (бұрынғы атауы - АТФБанк» АҚ-тың күмәнді және сенімсіз активтерін басқару жөніндегі ұйым» ЖШС) жарғылық капиталындағы өз үлесін иеліктен шығаруына байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «АТФБанк» акционерлік қоғамына бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйым - «АТФБанк» АҚ-тың күмәнді және сенімсіз активтерін басқару жөніндегі ұйым» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құруға берілген рұқсаттың күшін жою туралы» 2021 жылғы 09 ақпандағы № 9 қаулы қабылданды.