
Кадр резервін қалыптастыру жөніндегі іріктеу шеңберінде резюме қабылдау туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Агенттіктің кадр резервіне алу үшін кандидаттарды іріктеудің басталғаны туралы хабарлайды.
Жоғары оқу орындарының талантты әрі болашағынан үміт күттірер түлектерін және жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандарды шақырамыз.
Кандидаттарды іріктеу кезінде тиісті білім, жоғары деңгейдегі біліктілік, жұмыс тәжірибесі, халықаралық қаржы және тіл білу сертификаттарының болуы, сондай-ақ кандидаттың әлеуеті негізгі өлшемшарттар болып табылады.
Үздіктер кезеңдік тәсіл арқылы таңдалатын болады:
1-кезеңде кандидаттарға резюме мен эссе тапсыру ұсынылады.
2-кезеңде резюме мен эссені қарау нәтижелері бойынша іріктелген кандидаттар Агенттіктің мүдделі бөлімшелерінің басшыларымен әңгімелесуге шақырылады (кандидаттың резюмесінде көрсетілген электрондық пошта немесе телефон арқылы).
Іріктеу жеңімпаздары Агенттіктің кадр резервіне алынып, бір жылдың ішінде Агенттікке жұмысқа орналасуы мүмкін.
Агенттіктің кадр резервіне алынған адамдардың бекітілген тізімі Агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Лауазымдар мен оларға қойылатын талаптар жөніндегі ақпарат қоса беріліп отыр.
Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері қызметінің бағыттары туралы ақпаратпен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша таныса аласыз: (https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/about/structure/2/1?lang=ru).
2021 жылғы 15 ақпан – 16 наурыз (қоса алғанда) аралығындағы кезеңде іріктеуге қатысу үшін Сіз Агенттіктің ресми сайтынан:
- «Резюменің» электрондық нұсқасының үлгісін (бұдан әрі – үлгі) жүктеуіңіз; Резюме үлгісі
- үлгіні талаптарға сәйкес толтыруыңыз (жолдар қосылмайды және алып тасталмайды);
- үлгіні және суретіңіз жапсырылған, Word форматындағы резюмені cv@finreg.kz электрондық мекенжайына, сонымен бірге үлгінің көшірмесін Anara.Pavanova@finreg.kz электрондық мекенжайына жіберуіңіз қажет.
Жұмысқа орналасу және іріктеу кезеңдері туралы ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: 8 (727) 237-1228, 237-1236, 237-1235, e-mail: Anara.Pavanova@finreg.kzGulzhan.Aimanbetova@finreg.kz, Dana.Turykbayeva@finreg.kz
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ЛАУАЗЫМДАРЫ
(іріктеуге қатысу үшін)
Стратегия және талдау департаменті
Банктерді реттеу департаменті
Банктерді талдау және стресс-тестілеу департаменті
Бағалы қағаздар нарығы департаменті
Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті
Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті
Үйлестіру департаменті (Нұр-Сұлтан қаласы)
Заң департаменті
Адам капиталын дамыту департаментi
Агенттік қызметін қамтамасыз ету департаменті
Киберқауіпсіздік басқармасы
Халықаралық қатынастар және интеграция басқармасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ЛАУАЗЫМДАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Стратегия және талдау департаменті
Білімі - ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары (математика) саласында және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.
Ғылыми дәрежесінің немесе негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда мерзімді қайта даярлаудан өтуі туралы сертификаттардың болуы құптарлық.
Жұмыс өтілі - осы лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл не шетелдегі жоғары оқу орындарында ЖОО-дан кейінгі білім бағдарламалары бойынша оқу (магистратура не докторантура) бітірген не Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлға үшін осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде екі жыл не Ұлттық Банктің магистратурасында немесе «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқу бітірген тұлға үшін кемінде екі жыл.
Мемлекеттік органдарда немесе қаржы ұйымдарында, оның ішінде бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша жұмыс стажының болуы құптарлық. Экономика немесе қаржы мекемелерінің зерттеу бөлімшелерінде басшы қызметі тәжірибесінің болуы құптарлық.
Функционалдық міндеттері: Басқарма қызметін ұйымдастыру және оған басшылық жасау. Басқарма құзыретіне кіретін жедел мәселелерді шешу, басқарманың ағымдағы міндеттері мен жоспарларын айқындау, қаржы нарығы дамуының үрдістеріне және оның жұмыс істеуінің макроэкономикалық жағдайына, оның ішінде қаржы нарығы мен оның жекелеген сегменттерінің дамуы мен орнықтылығы индикаторларының үлгісін жасау, әзірлеу, мониторинг және талдау құралдарын пайдалана отырып талдау жүргізу бойынша, қаржы секторының оның жұмыс істеуінің макроэкономикалық жағдайының өзгеруіне сезімталдығы мен орнықтылығын бағалау, кеңінен жариялау үшін қаржы секторына мерзімді шолулар мен басқа да материалдар дайындау бойынша, қаржы нарығы мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу бойынша функцияларды жүзеге асыру. Макроқаржылық талдау саласындағы заманауи талдамалық құралдарға/әдістемелерге мониторинг және талдау, қаржылық, экономикалық зерттеулер жүргізу. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шығыс хат-хабарларына бұрыштама қою, басқарма қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларына бұрыштама қою. Басқармаға келіп түсетін хат-хабарлардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету. Басқарма құзыретіне кіретін басқа да функцияларды жүзеге асыру.
Білімі - ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары (математика) саласында.
Негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда мерзімді қайта даярлаудан өтуі туралы сертификаттарының болуы құптарлық.
Жұмыс өтілі - осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бір жарым жыл. Жұмыс өтілі шетелдік жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банктің магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуын аяқтаған не Президенттік жастар кадрлық резервіне алынған адам үшін талап етілмейді.
Мемлекеттік органдарда немесе қаржы ұйымдарында, оның ішінде бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық және/немесе экономикалық немесе қаржы мекемелерінің зерттеу бөлімшелерінде жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық.
Функционалдық міндеттері: қаржы нарығының даму үрдістеріне талдау жүргізу; қаржы нарығының және оның жекелеген сегменттерінің даму индикаторларын әзірлеу, орнықтылығын мониторингтеу және талдау; қаржы секторының жұмыс істеуінің макроэкономикалық жағдайлардың өзгеруіне сезімталдығын және орнықтылығын бағалауды жүзеге асыру; кеңінен жария ету үшін қаржы секторының даму үрдістері туралы мерзімді шолулар және өзге де материалдар дайындау; қаржы нарығының мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу.
Білімі - ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары (математика) саласында және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.
Негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда мерзімді қайта даярлаудан өтуі туралы сертификаттарының болуы құптарлық.
Модельдеу және болжау әдістерін білу, эконометрика және E-Views статистикалық пакетін білу.
Жұмыс өтілі - осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бір жарым жыл. Жұмыс өтілі шетелдік жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банктің магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуын аяқтаған не Президенттік жастар кадрлық резервіне алынған адам үшін талап етілмейді.
Мемлекеттік органдарда немесе қаржы ұйымдарында, оның ішінде бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық және/немесе экономикалық немесе қаржы мекемелерінің зерттеу бөлімшелерінде жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық.
Функционалдық міндеттері: қаржы нарығының даму үрдістеріне және оның жұмыс істеуінің макроэкономикалық жағдайларына, оның ішінде модельдеу құралдарын пайдалана отырып талдау жүргізу; қаржы нарығының және оның жекелеген сегменттерінің даму индикаторларын әзірлеу, орнықтылығын мониторингтеу және талдау, қаржы секторының жұмыс істеуінің макроэкономикалық жағдайлардың өзгеруіне сезімталдығын және орнықтылығын бағалауды жүзеге асыру; кеңінен жария ету үшін қаржы секторының даму үрдістері туралы мерзімді шолулар және өзге де материалдар дайындау; қаржы нарығының және экономика мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу; макроқаржылық талдау саласындағы заманауи талдамалық құралдарды/әдістемелерді одан әрі қолдану мақсатында мониторингтеу және талдау және басқалар.
Білімі - ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары (математика) саласында және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.
Негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда мерзімді қайта даярлаудан өтуі туралы сертификаттарының болуы құптарлық.
Жұмыс өтілі - осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бір жарым жыл. Жұмыс өтілі шетелдік жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банктің магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуын аяқтаған не Президенттік жастар кадр резервіне алынған адам үшін талап етілмейді.
Мемлекеттік органдарда немесе қаржы ұйымдарында, оның ішінде бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық және/немесе экономикалық немесе қаржы мекемелерінің зерттеу бөлімшелерінде жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық.
Функционалдық міндеттері: қаржы нарығының даму үрдістерінің және оның жұмыс істеуінің макроэкономикалық жағдайларының талдауы негізінде қаржы нарығының дамуы мәселелері жөнінде ұсыныстар дайындау; қаржы нарығының және оның жекелеген сегменттерінің стратегиялық дамуы мәселелері бойынша құжаттар әзірлеу; Қазақстан Республикасының орта мерзімді және ұзақ мерзімді стратегиялық құжаттарын әзірлеу; стратегиялық құжаттардың орындалуын мониторингтеу және бақылау; қаржы нарығын дамытудың ұлттық стратегияларын/саясаттарын әзірлеу бойынша жаһандық тәсілдерді мониторингтеу және талдау; басқарма қызметінің мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен үйлестіруді және өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, басқармаға келіп түскен хат-хабарларды сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету және басқалар.
Банктерді реттеу департаменті
Білімі - ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары (математика) саласындағы және (немесе) экономист мамандығының болуы.
Негізгі мамандығының саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлануы туралы сертификаттарының немесе жоғары заңгерлік білімнің болуы құптарлық.
Жұмыс өтілі - осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бір жарым жыл. Жұмыс өтілі шетелдік жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банктің магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуын аяқтаған не Президенттік жастар кадрлық резервіне алынған адам үшін талап етілмейді.
Мемлекеттік органдарда немесе қаржы ұйымдарында, оның ішінде бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық және/немесе экономикалық немесе қаржы мекемелерінің зерттеу бөлімшелерінде жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық.
Функционалдық міндеттері: – екінші деңгейдегі банктердің, ірі қатысушылардың, банк холдингтерінің, оның ішінде банктегі және банк холдингіндегі өкілдері ретіндегі, банктердің, ірі қатысушылардың қаржылық және реттеуші есептілігін талдау; банктер мен банк холдингтері қызметінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес келуін талдау; банктердің іс-шаралар жоспарларын орындауын мониторингтеу; тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер, жоспардан тыс және құжаттамалық тексерулер жүргізу; тиісті қадағалап ден қою шараларын қолдану бөлігіндегі қызметін мониторингтеу және қадағалау; департамент басшылығының қарауына банктік қызмет мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізу; хат алмасуды жүргізу және басқарманың құзыретіне кіретін өзге функцияларды жүзеге асыру.
Банктерді талдау және стресс-тестілеу департаменті
Білімі - ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары (математика) саласындағы және (немесе) экономист мамандығының болуы.
CFA, CIIA, CPA, CMA, CIA, FRM, ACCA, CAMS сертификаттарының болуы құптарлық. Негізгі мамандығының саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлануы туралы сертификаттарының болуы құптарлық.
Жұмыс өтілі – осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бір жарым жыл. Жұмыс өтілі шетелдік жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банктің магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуын аяқтаған не Президенттік жастар кадрлық резервіне алынған адам үшін талап етілмейді.
Мемлекеттік органдарда немесе қаржы ұйымдарында, оның ішінде бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық.
Функционалдық міндеттері – екінші деңгейдегі банктерді стресс-тестілеу әдіснамасын, нұсқаулығын және сценарийлерін әзірлеуге қатысу, стресс-тестілеудің кіріс деректері мен нәтижелері үшін үлгілерді әзірлеуге қатысу. Екінші деңгейдегі банктермен қарым-қатынас орнату және екінші деңгейдегі банктердің стресс-тестілеу әдіснамасы бойынша сұрақтарына жауаптар дайындау, екінші деңгейдегі банктерге стресс-тестілеу өткізу процесіне қатысу. Стресс-тестілеу қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктердің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету стратегиясының нұсқаулығын әзірлеуге қатысу, стресс-тестілеу қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктер ұсынған стратегиялардың нұсқаулық талаптарына сәйкес келуін мониторингтеу, екінші деңгейдегі банктердің қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету стратегиясын орындауын мониторингтеу. Екінші деңгейдегі банктерді стресс-тестілеу нәтижелері туралы есептерді уақтылы әрі сапалы дайындау, әлемдік тәжірибені зерделеу және департамент басшылығының қарауына тиісті ұсыныстар енгізу, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу, басшылықтың департамент қызметіне қатысты өзге де тапсырмаларын орындау. Тексеру басшысы ретінде не тексеруші топ құрамында екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, кредиттік бюролардың қызметін тексеруге қатысу, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түрлі мемлекеттік органдармен бірлескен тексерулерге қатысу. Басқарманың қаралатын кіріс және шығыс хат-хабарларының сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, басшылықтың басқарманың құзыретіне қатысты өзге де тапсырмаларын орындау. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Бағалы қағаздар нарығы департаменті
Білімі - ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика, бизнес, жаратылыстану ғылымдары (математика), техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) саласында және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.
CFA, CII, CIIA, CIA, CIMA, FRM сертификаттарының болуы құптарлық.
Жұмыс өтілі - осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бір жарым жыл. Жұмыс өтілі шетелдік жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банктің магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуын аяқтаған не Президенттік жастар кадр резервіне алынған адам үшін талап етілмейді.
Функционалдық міндеттері - бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау тұрғысынан бақылау және қадағалау, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына, олардың басшы қызметкерлеріне, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының белгілері бар тұлғаларға, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына және қадағалаудағы өзге де субъектілерге қадағалап ден қою шараларын, санкциялар мен өзге де шараларды қолдану; басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, тиісті қызмет түрлеріне лицензиялар беру, олардың қолданысын тоқтата тұру, жаңарту және одан айыру мәселелері жөніндегі құжаттарды қарау; инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны беруден бас тарту; бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру, оны беруден бас тарту, сондай-ақ келісімді кері қайтарып алу, сондай-ақ осы мәселелер бойынша Агенттіктің құқықтық актілерінің жобаларын белгіленген тәртіппен дайындау, басшылықтың құжаттары мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар қызметінің мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хат алмасу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Білімі - ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика, бизнес, жаратылыстану ғылымдары (математика), техникалық ғылымдар және технология (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) саласындағы және (немесе) экономист мамандығының болуы.
CFA, CII, CIIA, CIA, CIMA, FRM сертификаттарының болуы құптарлық.
Жұмыс өтілі - осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бір жарым жыл. Жұмыс өтілі шетелдік жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банктің магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуын аяқтаған не Президенттік жастар кадр резервіне алынған адам үшін талап етілмейді.
Функционалдық міндеттері - Бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және жою мәселелері бойынша құжаттарды қарау, бағалы қағаздар эмитенттерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын мониторингтеу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бағалы қағаздар эмитенттері жасаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хат-хабар алмасуды жүргізу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау, басқарма басшылығының қарауына бағалы қағаздар эмитенттерін мониторингтеу және реттеу рәсімдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету. Басқарма құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Білімі - ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика, бизнес, жаратылыстану ғылымдары (математика), техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) саласында және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.
CFA, CII, CIIA, CIA, CIMA, FRM сертификаттарының болуы құптарлық.
Жұмыс өтілі - талап етілмейді.
Функционалдық міндеттері: бағалы қағаздар шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және олардың күшін жою мәселелері бойынша құжаттарды қарау; бағалы қағаздар эмитенттерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауларын мониторингтеу, бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу; бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мен бағалы қағаздар нарығының өзге де субъектілері қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және (немесе) әзірлеуге қатысу; бағалы қағаздар нарығы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу және қолдану.
Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті
Білімі - ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары (математика) саласында және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.
Негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда мерзімді қайта даярлаудан өтуі туралы сертификаттардың болуы құпталады. CFA, CII, CIIA, CIA, CIMA сертификаттарының болуы құптарлық.
Жұмыс өтілі - осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бір жарым жыл. Жұмыс өтілі шетелдік жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банктің магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуын аяқтаған не Президенттік жастар кадр резервіне алынған адам үшін талап етілмейді.
Мемлекеттік органдарда немесе қаржы ұйымдарында, оның ішінде бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық,
Функционалдық міндеттері: сақтандыру нарығына жетекшілік ететін қатысушылардың қызметіне, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшіліктерінің және тарату комиссияларының қызметіне олардың қызметі процесінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру.
Агенттікке сақтандыру нарығында қызметті жүзеге асыру құқығына ұсынылған құжаттардың (материалдардың) қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін сақтандыру нарығының қадағалауындағы қатысушылардың басшы қызметкерлерінің келісімі бойынша тексеру және басқа лицензиялық-рұқсат беру рәсімдерін қамтамасыз ету.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктері мен тарату комиссияларының қызметіне басшы ретінде не комиссиялардың құрамында қатысу. Сақтандыру нарығының қадағалауындағы қатысушылардың тізілімін жүргізу. Сақтандыру нарығына қатысушылардың қызметіне тән тәуекелдерді талдау, Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хат алмасуды жүргізу, Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша департаментке келісу үшін келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау. Сақтандыру нарығына қатысушылардың қызметін жақсарту, сақтандыру нарығына қатысушылардың қызметін бақылау және қадағалау жөніндегі рәсімдерді жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу және департамент басшылығының қарауына енгізу, басқарма құзыреті шеңберінде сақтандыру нарығына қатысушылардың даму үрдістері мен перспективаларын зерделеу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Білімі - ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары (математика) саласында және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.
Қазақстан Республикасында актуарийлерді оқытудың ең төменгі міндетті бағдарламасына жататын курстарды тыңдағаны туралы растайтын құжаттардың болуы не шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін бейін бойынша оқуды аяқтауы. CFA, CII, CIIA, CIA, CIMA, FRM, SOA сертификаттарының болуы құптарлық.
Жұмыс өтілі - осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бір жарым жыл. Жұмыс өтілі шетелдік жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банктің магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуын аяқтаған не Президенттік жастар кадр резервіне алынған адам үшін талап етілмейді.
Мемлекеттік органдарда немесе қаржы ұйымдарында, оның ішінде бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық,
Функционалдық міндеттері: Басқарманың құзыреті шеңберінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен актуарийлердің қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, қадағалаудағы субъектілерден түсетін қаржылық және өзге де есептілікті және ақпаратты қарау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және актуарийлердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауына мониторинг жүргізу, олардың қызметіне тән тәуекелдерді талдау. Сақтандыру резервтері есебінің дұрыстығын тексеру. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша келісу үшін департаментке келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау. Актуарийлердің қызметін жақсарту, актуарийлер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін бақылау және қадағалау жөніндегі рәсімдерді, сақтандыру нарығы субъектілерін лицензиялау және рұқсат беру жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу және басшылықтың қарауына енгізу, басқарма құзыреті шеңберінде сақтандыру нарығына қатысушылардың даму үрдістері мен перспективаларын зерделеу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, сондай-ақ басқарма құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті
Білімі - ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары (математика) саласындағы және (немесе) экономист мамандығының болуы.
Кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында сертификаттарының болуы құптарлық.
Жұмыс өтілі - осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бір жарым жыл. Жұмыс өтілі шетелдік жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банктің магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуын аяқтаған не Президенттік жастар кадр резервіне алынған адам үшін талап етілмейді.
Мемлекеттік органдарда немесе қаржы ұйымдарында, оның ішінде бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық,
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және келісу, Қазақстан Республикасының қаржы нарығындағы асыра пайдалануға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді, қаржы нарығындағы асыра пайдалануға қарсы іс-қимыл саласында халықаралық стандарттардың талаптарына сараптаманы жүзеге асыру, қаржы нарығындағы асыра пайдалану үшін қаржы жүйесін пайдалану тәуекелдерін қысқарту мақсатында қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауға әдістер мен тәсілдер әзірлеу, басқарманың құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүзеге асыру, басқарманың құзыреті шегінде Агенттіктің және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының бағдарламалық және жоспарлы құжаттарын әзірлеуге қатысу, қаржы нарығындағы асыра пайдалануға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттық, талдамалық және есеп беру материалдарын дайындауды жүзеге асыру, басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша келіп түскен хат-хабарларды қарау және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, Агенттік бөлімшелерінің, заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен сұрауларына уақтылы және сапалы жауаптар дайындауды қамтамасыз ету, басқарма қызметіне тән тәуекелдерді анықтау, талдау және басқару бойынша жұмыс жүргізу.
Білімі - ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдар (математика) саласындағы және (немесе) экономист мамандығының болуы.
Негізгі мамандығының саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттарының болуы құптарлық.
Жұмыс өтілі - осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бір жарым жыл. Жұмыс өтілі шетелдік жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банктің магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуын аяқтаған не Президенттік жастар кадр резервіне алынған адам үшін талап етілмейді.
Мемлекеттік органдарда немесе қаржы ұйымдарында, оның ішінде бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық,
Функционалдық міндеттері: қаржылық қызметтерді реттеудің нормативтік құқықтық базасын, қаржы нарығына қатысушыларды бақылау, реттеу және қадағалау рәсімдерін жетілдіру бойынша талаптарға сараптама жүргізу, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шығыс хат-хабарға бұрыштама қою, департаментке келісу үшін келіп түскен басқарма қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау, қаржы нарығына қатысушылардың қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу және департамент басшылығының қарауына енгізу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Білімі - ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдар (математика) саласындағы және (немесе) экономист мамандығының болуы.
Негізгі мамандығының саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттарының болуы құптарлық.
Жұмыс өтілі - осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бір жарым жыл. Жұмыс өтілі шетелдік жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банктің магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуын аяқтаған не Президенттік жастар кадр резервіне алынған адам үшін талап етілмейді.
Мемлекеттік органдарда немесе қаржы ұйымдарында, оның ішінде бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық,
Функционалдық міндеттері: Басқарма міндеттерін орындау үшін қаржы ұйымдарын пруденциялық реттеу, қаржы ұйымдарында және қаржы топтарында тәуекелдерді басқарудың және ішкі бақылаудың корпоративтік жүйесі, проблемалық банктерді қаржылық қалпына келтіру және жақсарту режимі әдіснамасы мәселелері бойынша халықаралық тәсілдер мен стандарттар әдіснамасы және талдау. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге функцияларды жүзеге асыру.
Білімі - ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдар (математика) саласында.
Негізгі мамандығының саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттарының болуы құптарлық.
Жұмыс өтілі - осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бір жарым жыл. Жұмыс өтілі шетелдік жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банктің магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуын аяқтаған не Президенттік жастар кадр резервіне алынған адам үшін талап етілмейді.
Мемлекеттік органдарда немесе қаржы ұйымдарында, оның ішінде бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық,
Функционалдық міндеттері: банктердің, ірі қатысушылардың, банк холдингтерінің қаржылық және реттеушілік есептілігін талдау; банктер мен банк холдингтері қызметінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес келуіне, оның ішінде банктердің қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау арқылы талдау; банк күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алатын банктің еншілес ұйымдарына берген активтер бойынша, тексеру қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жою және қаржылық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін факторларды жою бойынша банктердің іс-шаралар жоспарларын орындауын мониторингтеу; қажетті ақпарат жинау және оны талдау; тәуекел дәрежесін бағалау, жоспардан тыс және құжаттамалық тексерулердің негізінде тексеру жүргізу; қадағалап ден қоюдың тиісті шараларын қолдану бөлігінде екінші деңгейдегі банктердің, ірі қатысушылардың, банк холдингтерінің қызметін, оның ішінде банктегі және банк холдингіндегі өкілдер ретінде мониторингтеу және қадағалау. Банктік қызмет мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды департамент басшылығының қарауына енгізу. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хат-хабар жүргізу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге функцияларды жүзеге асыру.
Үйлестіру департаменті (Нұр-Сұлтан қаласы)
Білімі - құқық саласында ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары.
Негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттарының болуы құптарлық.
Жұмыс өтілі – осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бір жарым жыл. Шетелдік жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банк магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуды аяқтаған не Президенттік жастар кадр резервіне алынған адам үшін жұмыс өтілі талап етілмейді.
Мемлекеттік органдарда немесе қаржы ұйымдарында, оның ішінде бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық.
Функционалдық міндеттері: Агенттіктің Парламентпен, Президент Әкімшілігімен, Үкіметпен, құқық қорғау және сот органдарымен құқықтық мәселелер бойынша өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Мемлекеттік органдарда Агенттік әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және Агенттіктің құзыретіне қатысты мәселелерді мемлекеттік органдарда, Үкіметте, Парламентте, Президент Әкімшілігінде, кеңестерде, конференцияларда және жұмыс топтарында талқылауға қатысу. Сенімхат негізінде сот істерін қарау кезінде (Нұр-Сұлтан қаласында) Агенттіктің мүдделерін білдіру.
17, 18. Экономика басқармасының бас маман-экономисі, Экономика басқармасының бас маман-экономисі (уақытша болмаған қызметкерді алмастыру уақытына)
Білімі: ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы және (немесе) экономист мамандығының болуы.
Негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттарының болуы құптарлық.
Жұмыс өтілі - осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бір жарым жыл. Шетелдік жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банк магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуды аяқтаған не Президенттік жастар кадр резервіне алынған адам үшін жұмыс өтілі талап етілмейді.
Мемлекеттік органдарда немесе қаржы ұйымдарында, оның ішінде бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық.
Функционалдық міндеттері: Агенттіктің Қазақстан Республикасының Парламентімен, Президент Әкімшілігімен, Үкіметімен, мемлекеттік органдарымен экономикалық мәселелер бойынша өзара іс-қимылын, қаржы нарығының сегменттерін дамыту мәселелерін қамтамасыз ету. Агенттік әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын мемлекеттік органдарда келісу. Кеңестерге, жұмыс кездесулеріне, конференцияларға, отырыстарға қатысу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоспарларын, тұжырымдамаларын, стратегияларын және басқа да бағдарламалық құжаттарын дайындау кезінде Агенттік бөлімшелерінің жұмысын үйлестіруді жүзеге асыру.
Заң департаменті
Білімі: құқық саласында ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары.
Негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру туралы сертификаттарының болуы құптарлық.
Жұмыс өтілі - осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бір жарым жыл, не шетелдік жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банк магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуды аяқтаған не Президенттік жастар кадр резервіне алынған.
Қаржы мекемелерінің қызметін реттеу саласында не қаржы мекемелерінің заң немесе комплаенс-бөлімшелерінде жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық.
Функционалдық міндеттері: заңдылықты нығайтуға жәрдемдесу және Агенттіктің нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін, дұрыс және біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету. Агенттіктің бөлімшелерімен бірлесіп Қазақстан Республикасының және Агенттіктің нормативтік құқықтық және өзге де актілерінің жобаларын, процессуалдық құжаттарын әзірлеуге қатысу, Агенттікке келісуге келіп түсетін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ Агенттік әзірлейтін басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың жобалары бойынша қорытындылар, оның ішінде оларды Агенттіктің басқа да бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу арқылы дайындау. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Агенттік атынан талап-арыз материалдарын ресімдеу, оның мүдделерін сот органдарында қорғау. Сақтандыру нарығына қатысушыларды, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесінің субъектілерін реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша құжаттарды қарау. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Білімі: құқық саласында ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары.
Негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру туралы сертификаттарының болуы құптарлық.
Жұмыс өтілі – талап етілмейді.
Функционалдық міндеттері: заңдылықты нығайтуға жәрдемдесу және Агенттіктің нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін, дұрыс және біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету. Агенттіктің бөлімшелерімен бірлесіп Қазақстан Республикасының және Агенттіктің нормативтік құқықтық және өзге де актілерінің жобаларын, процессуалдық құжаттарын әзірлеуге қатысу, Агенттікке келісуге келіп түсетін нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ Агенттік әзірлейтін басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың жобалары бойынша қорытындылар, оның ішінде оларды Агенттіктің басқа да бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу арқылы дайындау. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Агенттік атынан талап-арыз материалдарын ресімдеу, оның мүдделерін сот органдарында қорғау. Банктерді, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша құжаттарды қарау. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Адам капиталын дамыту департаменті
Білімі: ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.
Негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттарының болуы құптарлық.
Жұмыс өтілі – осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бір жарым жыл. Жұмыс өтілі шетелдік жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банктің магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуын аяқтаған не Президенттік жастар кадрлық резервіне алынған адам үшін талап етілмейді.
Функционалдық міндеттерге сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық.
Функционалдық міндеттері: Нормативтік құжаттарды әзірлеу, департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және жетілдіру бойынша техникалық тапсырмаларды ресімдеу, қажетті есептілікті жасау. Агенттіктің құрылымын оңтайландыруға қатысу және Агенттіктің штат кестесін жасау. Қызметкерлерді ынталандырудың тиімді жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізу. Қызметкерлерді марапаттау бойынша жұмысты жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының заңнамасында және Агенттіктің актілерінде көзделген еңбекке ақы төлеу, сыйлықақы беру, уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақылар және басқа да төлемдер бойынша уақтылы есеп айырысуды жүргізу. Жеке табыс және әлеуметтік салықтарды, әлеуметтік төлемдерді есептеу/ұстау және аудару, салық және статистикалық есептілікті жасау және ұсыну. Департамент қызметін автоматтандыруды бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша талаптарды әзірлеу және дайындау. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер саласындағы нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістерді уақтылы зерделеу және қажет болған жағдайда жұмыста қолдану бойынша ұсыныстар енгізу. Департаменттің құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен хат-хабарларды қарау, департаменттің қызметіне қатысты мәселелерді түсіндіру үшін уәкілетті органдарға сұратулар мен хаттар дайындау. Департамент құзыретіне кіретін өзге де тапсырмаларды орындау. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Агенттік бөлімшелері мен ұйымдарға консультативтік көмек көрсету. Қызметкерлерді ынталандыру саласында шетелдік тәжірибені зерделеу және енгізу. Департамент құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Білімі: ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар), жаратылыстану ғылымдары саласында және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.
Негізгі мамандық бейіні бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттарының болуы құптарлық.
Жұмыс өтілі - осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бір жарым жыл. Жұмыс өтілі шетелдік жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банктің магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуын аяқтаған не Президенттік жастар кадрлық резервіне алынған адам үшін талап етілмейді.
Функционалдық міндеттерге сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық.
Функционалдық міндеттері: Нормативтік құжаттарды әзірлеу, қызметкерлерді басқару бойынша бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және жетілдіру жөніндегі техникалық тапсырмаларды ресімдеу, департаменттің есептерін жасау. Қызметкерлерді іріктеу, таңдау және жалдау, қызметкерлерді аттестаттау бойынша іс-шараларды жүргізу, қызметкерлерді қабылдау, жұмыстан босату, ауыстыру, ынталандыру, оларға әлеуметтік төлемдер төлеу жөніндегі құжаттарды ресімдеу бойынша жұмысты жүзеге асыру, қызметкерлердің жеке істерін қалыптастыру, жұмыс уақытын есепке алу табелін тексеру, қызметкер бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу, Агенттік қызметкерлерінің еңбегін бағалау, Агенттіктің әскери міндетті қызметкерлерінің әскери есебін жүргізу және брондау. Берілген өкілеттіктер шеңберінде басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Агенттік бөлімшелеріне консультативтік көмек көрсету. Кадр саясаты саласында шетелдік тәжірибені зерделеу және енгізу. Агенттік қызметкерлері жол берген құқық бұзушылық фактілері бойынша қызметтік тергеулерді жүргізуге қатысу және тәртіптік комиссияның қарауына материалдар дайындау. Департаменттің құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен хат-хабарларды қарау, департаменттің қызметіне қатысты мәселелерді түсіндіру үшін уәкілетті органдарға сұратулар мен хаттар дайындау. Департамент құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Агенттік қызметін қамтамасыз ету департаменті
Білімі: ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар саласында және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.
Жұмыс өтілі - осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бір жарым жыл. Жұмыс өтілі шетелдік жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банктің магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуын аяқтаған не Президенттік жастар кадрлық резервіне алынған адам үшін талап етілмейді.
Функционалдық міндеттері: тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін заңнамада белгіленген тәртіппен ұйымдастыру және өткізу, Департаменттің құзыретіне жататын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге деген, бюджеттің (шығыстар сметасының), шығындар болжамының және тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарының жобаларын белгіленген шығыстар сыныптауышына сәйкес қалыптастыру үшін қажеттілікті айқындау, сондай-ақ олар бойынша тиісті есептілікті дайындау, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттар жасасу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ жасалған шарттар бойынша өнім берушілердің міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асыру.
Білімі: ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: білім беру, гуманитарлық ғылымдар (аударма ісі, филология), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.
Жұмыс өтілі - осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бір жарым жыл. Жұмыс өтілі шетелдік жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банктің магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуын аяқтаған не Президенттік жастар кадрлық резервіне алынған адам үшін талап етілмейді.
Функционалдық міндеттері: Агенттіктің нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ құжаттарды аударуға, редакциялауға жататын басқа құжаттарды орыс тілінен мемлекеттік тілге аудару. Құжаттарды аудару мәселесі бойынша және банктік терминология бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Агенттікте мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Білімі: ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: білім беру, гуманитарлық ғылымдар (аударма ісі, филология), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында және (немесе) экономист біліктілігінің болуы.
Жұмыс өтілі – талап етілмейді.
Функционалдық міндеттері: Агенттіктің нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ аударуға жататын басқа құжаттарды орыс тілінен мемлекеттік тілге аудару.
Аудару мәселесі бойынша және банктік терминология бойынша практикалық көмек көрсету. Агенттікте мемлекеттік тілді дамытудың мәселелері бойынша түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Киберқауіпсіздік басқармасы
Білімі: ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: техникалық ғылымдар және технология, жаратылыстану ғылымдары (математика, физика) саласында.
Негізгі мамандығының бейіні (оның ішінде CISA, CISM, CISPP, CCISO, алайда мұнымен шектелмей) бойынша курстарда мерзімді қайта даярлаудан өтуі туралы сертификаттардың болуы құптарлық.
Жұмыс өтілі - осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бір жарым жыл. Жұмыс өтілі шетелдік жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банктің магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуын аяқтаған не Президенттік жастар кадрлық резервіне алынған адам үшін талап етілмейді.
Мемлекеттік органдарда немесе қаржы ұйымдарында, оның ішінде бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық.
Функционалдық міндеттері: ҚР қаржы секторындағы ақпаратты қорғау бойынша әдістемелік және нормативтік материалдарды, ұйымдастыру-техникалық шараларды әзірлеуге қатысу. Ақпаратты қорғау саласындағы отандық және шет елдің тәжірибесін зерттеу, талдау және жүйеге келтіру және оларды ҚР қаржы секторына енгізу бойынша ұсыныстар даярлау. Бөлімнің құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Білімі: ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар, жаратылыстану ғылымдары (физика, математика), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, саласында және/немесе экономист біліктілігінің болуы.
Негізгі мамандығының бейіні (оның ішінде CISA, CISM, CISPP, алайда мұнымен шектелмей) бойынша курстарда мерзімді қайта даярлаудан өтуі туралы сертификаттардың болуы құптарлық.
Жұмыс өтілі - осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бір жарым жыл. Жұмыс өтілі шетелдік жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банктің магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуын аяқтаған не Президенттік жастар кадрлық резервіне алынған адам үшін талап етілмейді.
Мемлекеттік органдарда немесе қаржы ұйымдарында, оның ішінде бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық.
Функционалдық міндеттері: екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің, сақтандыру нарығы қатысушыларының және кредиттік бюролардың қызметіне ақпараттық технологияларға, ақпараттық қауіпсіздікке және ақпараттық тәуекелдерге қатысты мәселелер бөлігінде тексерулер жүргізу. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік және нормативтік емес құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу. Бөлімнің қызметі шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Халықаралық қатынастар және интеграция басқармасы
Білімі: ЖОО-дан кейінгі немесе жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы және (немесе) экономист мамандығының болуы.
Жұмыс өтілі – талап етілмейді.
Функционалдық міндеттері: халықаралық қаржы институттарымен және шетелдік ұйымдармен жұмысты ұйымдастыру, Басқарманың құзыретінің шегінде жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бөлімшелеріне орталық банктердің және алыс шет елдердің басқа ұйымдарының делегацияларын Агенттік бөлімшелеріне сапарларын ұйымдастыру кезінде консультациялық көмек көрсету; Агенттік өткізетін семинарларды, халықаралық конференцияларды ұйымдастыруға қатысу; кіріс хат-хабарларды қарау және жауаптар дайындау; Басқарма басшысы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.