
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуы тұрғысынан қаржы ұйымдары жол берген бұзушылықтарды мониторингтеу және талдау шеңберінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) қаржы ұйымдарына тиісті ықпал ету шараларын және әкімшілік жаза қолданады.
Мәселен, 2020 жылы екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, коллекторлық агенттіктерге және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты 127,3 млн теңгеден асатын сомаға 103 қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы, 276 жазбаша ұйғарым және 253 әкімшілік жаза қолданылған.
І. Екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - банктер) қатысты ықпал ету шаралары
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны үшін Агенттік 2020 жылы:
Жүргізілген талдау нәтижелері банктердің көп жағдайда:
Банктерге қатысты қолданылған әкімшілік жазалардың жалпы сомасы 38,8 млн теңге болды.
Банктер жол берген, олар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген негізгі бұзушылықтар мыналар болды:
ІІ. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қатысты ықпал ету шаралары
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қатысты бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында Агенттік 2020 жылы:
Ұсынымдық қадағалап ден қою шаралары:
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қатысты шығарылған әкімшілік жазалардың жалпы сомасы 1,8 млн теңгені құрады. Олар үшін әкімшілік жауаптылық көзделген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары тарапынан жол берілген бұзушылықтар сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмау, сақтандыру төлемін жүзеге асырмау және мемлекеттік бақылау және қадағалау органына анық емес ақпарат беру болып табылады.
ІІІ. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты ықпал ету шаралары
МҚҚЖҰ (микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард) лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған кезде Агенттік шектеулі ықпал ету шараларын және санкцияларды қолданады. МҚҚЖҰ-ға шектеулі ықпал ету шарасының бірі ретінде орындалуы міндетті жазбаша ұйғарым қолданылады.
МҚҚЖҰ-ға қатысты анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша Агенттік 2020 жылы:
Жүргізілген талдау нәтижелері МҚҚЖҰ-ның мынадай:
МҚҚЖҰ-ға қатысты тағайындалған әкімшілік жазаның жалпы сомасы 85,1 млн теңгені құрады. Әкімшілік жауапкершілік көзделген, МҚҚЖҰ жол берген негізгі бұзушылықтар:
IV. Коллекторлық агенттіктерге қатысты ықпал ету шаралары
«Коллекторлық қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес коллекторлық агенттіктерге қатысты шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар қолданылады. Мәселен, шектеулі ықпал ету шараларының бірі орындалуға міндетті коллекторлық агенттіктің анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерін, сондай-ақ оларды жасауға ықпал еткен жағдайларды жоюға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерін, сондай-ақ оларды жасауға ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын белгіленген мерзімде ұсынуға бағытталған орындалуға міндетті түзету шараларын қабылдауға жазбаша ұйғарым болып табылады.
Анықталған бұзушылықтар бойынша коллекторлық агенттіктерге қатысты 2020 жылы Агенттік:
Жүргізілген талдау нәтижелері коллекторлық агенттіктер мыналарға байланысты бұзушылықтарға жол бергенін көрсетті:
2020 жылы коллекторлық агенттіктерге қатысты қолданылған әкімшілік жазалардың жалпы сомасы 1,6 млн теңгені құрады. Әкімшілік жауапкершілік көзделген коллекторлық агенттіктердің жол берген бұзушылықтары:
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың қандай да бір банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, МҚҚЖҰ және коллекторлық ұйымдар ұсынатын банктік қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасына толық шолу жасауы және дербес айқындауы үшін Агенттік өзінің ресми интернет-ресурсында қабылданған қадағалап ден қою шаралары (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) және санкциялар (айыппұлдар) туралы ақпаратты орналастырады.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылар өз құқықтары бұзылған жағдайда Агенттікке және аумақтық тиістілігі бойынша Агенттіктің Өңірлік өкілдер басқармаларына:
- А15С9Т5, Алматы қ., Көктем 3, 21-үй мекенжайы бойынша Агенттікке жазбаша;
- info@finreg.kz, TAL@finreg.kz электрондық пошталары арқылы;
- «Fingramota Online» мобильдік қосымшасы арқылы (App Store, Play Market-тен жүктеу үшін қолжетімді, сондай-ақ web-нұсқасы да қолжетімді);
- Агенттіктің Өңірлік өкілдер басқармаларына (байланыс деректері Агенттіктің сайтында көрсетілген) өтініш жасай алады.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мына жедел желі телефоны бойынша хабарласыңыздар: +7 (727) 237 1000
(жұмыс режимі: дүйсенбі – жұма сағ. 9.00-ден 17.00-ге дейін)
Баспасөз қызметі телефоны: +7 727 237 1090
БАҚ сұратулары үшін: press@finreg.kz