«Отбасы банк» АҚ – ға банк операцияларын жүргізуге лицензия берілді

«Отбасы банк» АҚ – ға банк операцияларын жүргізуге лицензия берілді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасарының 2021 жылғы 05 қаңтардағы № 2 бұйрығына сәйкес «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамға тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызуға арналған жеке тұлғалардың ағымдағы банктік шоттарын ашу және жүргізу банк операцияларының қосымша түрлерін енгізе отырып лицензия берілді.