
Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Агенттік Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева «Құрмет» орденімен марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған адамдардың қатарында Агенттіктің Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Юлия Ахмуртова және Алматы қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасының бастығы Салима Джурунова бар.
Бағалы қағаздар нарығы департаментінің басқарма бастығының орынбасары Елена Говорухина және Банктерді реттеу департаментінің басқарма бастығы Жанар Құсайынова Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды.