
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ағымдағы жылғы қазан айының қорытындысы бойынша ломбардтарды қоса алғанда, микроқаржы ұйымдарына қатысты 29 айыппұл мен 59 жазбаша ұйғарым шығарды.
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің көлемінен асырғаны үшін «Экпрессъ» ломбард, «Элит-Ломбард KZ», «Тех.ломбард» ЖШС, «Деньги населению», «Goldmine» ломбард, «Тез» ломбард, «Пайда-финанс», «АвтоСаѕһ» және т.б. микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – МҚҚЖҰ) 46 жазбаша ұйғарым шығарылды.
«LUX Kostanay» ломбардына, «Несібе» ломбардына, «Астана Профит» ломбардына, «Goldmine» ломбардына, «АСТ-Ломбард 777» және басқаларына қатысты микрокредит беру туралы үлгі шарттардың ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес келмегені үшін 13 жазбаша ұйғарым шығарылды.
Сондай-ақ, МҚҚЖҰ-ға қатысты жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін көрсетпегені немесе дұрыс көрсетпегені үшін айыппұл түрінде 27 әкімшілік жаза қолданылды.
Тағы екі «ОнлайнҚазҚаржы» және «Creditum» МҚҰ-ға ҚР заңнамасына сәйкес келмейтін талаптармен БАҚ-та микрокредиттер ұсынатын жарнама орналастырғаны үшін айыппұл салынды.
Осы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша микроқаржы секторында 1103 МҚҚЖҰ бар. Микрокредит берумен айналысатын басқа микрокредиттеу субъектілері не жұмыс істемейді, не олардың капиталы жоқ және қызметін тоқтатуды жоспарлап отыр. Есептік тіркеуден өтпеген ұйымдар мәжбүрлеп таратылуға жатады.
2020 жылдың қазан айында Агенттік есептік тіркеуден өтпеген МҚҚЖҰ-ны мәжбүрлеп тарату туралы талап-арыздар беру бойынша жұмысты жалғастырды.
Азаматтарды қорғау және микрокредиттеу нарығындағы алаяқтық тәуекелдерін азайту үшін 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап лицензиялау енгізіледі. Ол капитал мен өтімділік бойынша пруденциялық стандарттардың толық тізбесін, басшы қызметкерлер мен акционерлердің іскерлік беделіне қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуді, сондай-ақ аудитке және есептілікті ұсынуға қойылатын талаптарды көздейді.