Қаржыгерлер күнін мерекелеу құрметіне ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі биыл бірлескен жобалар мен бастамаларды іске асыруда реттеушімен және Ұлттық Банкпен тығыз ынтымақтастық жасағаны үшін қаржы ұйымдарының жекелеген қызметкерлерінің жеке үлесін атап өтті:
- коммерциялық банктердің 11 қызметкері «Елдің қаржы секторын дамытуға және орнықтылығын арттыруға қосқан айтарлықтай үлесі үшін» Агенттіктің Алғыс хатымен марапатталды;
- екінші деңгейдегі банктердің 17 қызметкері «Қазақстан банк секторының айқындылығын едәуір арттыруға ықпал ететін банктер активтерінің сапасын бағалауға қатысқаны үшін» Агенттіктің Алғыс хатын алды;
- сақтандыру компанияларының 7 қызметкері «Халық үшін жинақтау инвестициялық мүмкіндіктерін арттыратын сақтандыру нарығын дамыту туралы заң жобасын әзірлеуге қосқан үлесі үшін» атап өтілді;
- қор нарығының 4 қызметкері «Экономиканың нақты секторына инвестицияларды тартуға ықпал ететін бағалы қағаздар нарығын дамыту туралы заң жобаларын әзірлеуге қосқан үлесі үшін» Агенттік Алғыс хатын алды;
- Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының 8 қызметкерін Агенттік халық пен бизнеске қолдау көрсетудің дағдарысқа қарсы шараларын іске асырған кезде белсенді өзара іс-қимылы мен үйлестіруі үшін атап өтті.