
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ағымдағы жылғы қыркүйекте жарнама материалдарына жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша төрт коммерциялық банкке қатысты шаралар қабылдады.
Агенттік қаржы институттары ұсынған құжаттар мен ақпарат негізінде мониторинг жүргізді. Сонымен бірге жеке, заңды тұлғалардан және мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер есепке алынды. Бұдан басқа, сайттар, әлеуметтік желілер және банктердің мобильдік қосымшалары тексерілді, теле-, радиоарналардағы, қоғамдық көліктегі, мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама, сондай-ақ сыртқы жазбалар қадағаланып тексерілді.