
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Алматыдағы өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 6 бұйрығына сәйкес «аФинанс» МҚҰ» ЖШС-ның микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы қолданысы 3 ай мерзімге тоқтатыла тұрды. Лицензияның қолданысын тоқтата тұруға уәкілетті органның жазбаша нұсқамасын орындамау негіз болды.
Заңға сәйкес, лицензияның қолданысын тоқтата тұру микроқаржы ұйымына жаңа микрокредит шарттарын жасасуға, соның ішінде қолданыстағы микрокредит шарттарының қолданылу мерзімін ұзартуға және оларға өзгерістер енгізуге тыйым салуды білдіреді. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы бұрын жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.
Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар МҚҰ клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес МҚҰ алдындағы міндеттемелердің орындалмағаны үшін жауапты болады.
Байланыс нөмірлері : +7 (727) 237-1111, ішкі: 6316, 6492