Қазақ тіліндегі сөйлесу клубының жұмысы туралы

Қазақ тіліндегі сөйлесу клубының жұмысы туралы

Қазақ тіліндегі сөйлесу клубының аясында Клубтың кезекті отырысы өткізілді.

Сүлеймен Демирел атындағы университетінің (SDU University) қауымдастырылған профессоры,  филология ғылымдарының кандидаты Баян Керімбекова «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының рухани көсемі» деген тақырыпта Агенттік қызметкерлері үшін дәріс-сабақ өткізді.

Сөз сөйлеу барысында Тіл мерекесін мемлекеттік деңгейде өткізудің маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, ұлт ұстазы, Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, еңбектері және саяси жолы туралы жан-жақты мағлұмат берілді.

Сонымен бірге лектор ұлт ұстазының қазақ халқына қалдырған орасан зор әдеби әрі тарихи мұрасы, халықтың рухани дамуы жолындағы ерең еңбегі туралы мәліметтермен бөлісті.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz