
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) қызметшілерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды іріктеу өткізілетінін хабарлайды.
Біз мансабыңыздың өсуіне мүмкіндік бар кәсіби/беделді ұжымның бір бөлігі болуға кеңес береміз.
Шетелдік жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банктің магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуды аяқтаған түлектерді, FRM, CFA халықаралық сертификаттарының кемінде 1-деңгейі және (немесе) ACCA халықаралық сертификатының
4-деңгейі бар мамандарды, шет тілін меңгерген мамандарды (IELTS халықаралық сертификатының болуы – 9-дан 6 төмен емес, TOEFL IBT – 120-дан 80, TCF 699-дан 400 (В2), СILS 1, HSK 11-ден 6-деңгей) жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандарды шақырамыз.
Кандидаттарды таңдаудағы негізгі өлшемшарттар: тиісті білім, жоғары деңгейдегі біліктілік, халықаралық қаржылық және тілдік сертификаттардың болуы, сондай-ақ бос лауазымға үміткердің әлеуеті болып табылады.
Толығырақ:
https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/article/details/212583?lang=kk