
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кадр резервін қалыптастыру бойынша іріктеудің басталғанын хабарлайды. 6 қазаннан бастап ізденушілердің резюмесін қабылдау басталды деп хабарлайды қаржы реттеушісінің баспасөз қызметі.
«Жоғары оқу орындарының дарынды әрі болашағы зор түлектерін және жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандарды шақырамыз. Үміткерлерді таңдау кезінде тиісінше білімінің болуы, жоғары деңгейдегі біліктілігі, жұмыс тәжірибесі, халықаралық қаржы және тіл білу сертификаттарының болуы, сондай-ақ үміткердің әлеуеті негізгі өлшемшарттар болып табылады», - делінген Агенттіктің хабарландыруында.
Ең үздіктерді таңдау кезең-кезеңімен іріктеу арқылы қамтамасыз етіледі, ізденушілерге резюме, эссе тапсыру және әңгімелесуден өту ұсынылады. Резюме мен эссені қарау нәтижесі бойынша іріктелген үміткерлер Агенттіктің мүдделі бөлімшелерінің басшыларымен әңгімелесуге шақырылады. Агенттік басқарма бастықтары мен жетекші мамандарды іздестіруде.
«Іріктеу жеңімпаздары Агенттіктің кадр резервіне алынады және бір жыл ішінде Агенттікке жұмысқа орналасуы мүмкін. Агенттіктің кадр резервіне алынған адамдардың бекітілген тізімі Агенттіктің ресми интернет-ресурсына орналастырылады. Іріктеуге қатысу үшін 2020 жылғы 6 қазан – 5 қараша (қоса алғанда) аралығындағы кезеңде Агенттіктің ресми сайтындағы «Резюменің» үлгісін жүктеп, оны талаптарға сәйкес толтырып, суретіңізбен бірге форматта cv@finreg.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет», - делінген хабарландыруда.
Жұмысқа орналасу және іріктеу кезеңдері туралы ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 (727) 278-81-04 (ішкі нөмірлер 5430, 5923, 5534). Резюмені мына сілтіме арқылы жіберуге болады.