
|
ҚР ҰБ 2020 жылғы 04 сәуірдегі № 97 бұйрығы |
|
ҚР ҚНРДА 2020 жылғы 04 сәуірдегі № 178 бұйрығы |
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 88 және № 169 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) екінші деңгейдегі банктер филиалдарының, бөлімшелерінің және Ұлттық почта операторының үй-жайларын қоспағанда, осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасында көрсетілген субъектілер зейнетақыларды, атаулы әлеуметтік көмекті және төтенше жағдай кезінде кірісті жоғалтуына байланысты әлеуметтік төлемдерді алуға қажеттілігі бар жеке тұлғаларға қызмет көрсету үшін және осы адамдар санаты үшін өзге де қызметтер көрсету үшін филиалдарының, бөлімшелері үй-жайларының жабылуын қамтамасыз етсін.
Екінші деңгейдегі банктер және Ұлттық почта операторы осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген мақсаттарда жеке тұлғаларға қызмет көрсету үшін филиалдары мен бөлімшелерін және мынадай шектеулерді ескере отырып олардың жұмыс жұмыс істеу кестесін дербес айқындайды:
2020 жылғы 4 сәуірде 9 сағат 00 минут – 16 сағат 00 минут аралығында;
2020 жылғы 5 сәуір – 12 сәуір аралығында 9 сағат 00 минут – 14 сағат 00 минут аралығында;».