Агенттігі Төрағасының өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Агенттігі Төрағасының  өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

2020 жылғы 17 сәуірдегі № 193 бұйрық

«Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен халықтың, шағын және орта бизнестің қарыздары бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 167 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне және халық пен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты шаралар мен уақытша шектеулердің енгізілуіне байланысты, олардың қаржылық жағдайының нашарлауына жол бермеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен халықтың, шағын және орта бизнестің қарыздары бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 167 бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен халықтың, шағын және орта бизнестің қарыздары бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру тәртібінде (бұдан әрі – Тәртіп):

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Қарыз алушылар – шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде дара кәсіпкерлер үшін мыналар қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттар, мәліметтер болып табылады:

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес экономика салаларында қызметті жүзеге асыратын қарыз алушылар үшін – жарғы немесе қарыз алушының дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрғандығы туралы мәліметтер; 

қаржылық жағдайы нашарлаған қарыз алушылар үшін – мына құжаттардың бірі:

  • сатылған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) ай сайынғы көлемінің 2020 жылғы қаңтар – наурыздағы орташа айлық көлеммен салыстырғанда 30 (отыз) және одан да көп пайызға төмендегенін растайтын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сату туралы жазбалар;
  • берешектің ай сайынғы көлемінің 2020 жылғы қаңтар – наурыздағы орташа айлық көлеммен салыстырғанда 30 (отыз) және одан да көп пайызға ұлғайғанын растайтын дебиторлық берешектен үзінді-көшірмелер;
  • төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қарыз алушы қызметінің тоқтатыла тұрғанын не шектелгенін растайтын құжат;
  • қарыз алушының штат санының 2020 жылғы қаңтар – наурыздағы орташа айлық штат санымен салыстырғанда 30 (отыз) және одан да көп пайызға қысқарғанын растайтын қарыз алушының штат кестесі немесе актісі;
  • өзге де құжаттар .

Құжаттарды қарыз алушы электрондық түрде (электрондық көшірмелер түрінде) ұсынады.»;

Тәртіпке қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
  2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, ломбардтарды, онлайн-кредиттеу компанияларын, кредиттік серіктестіктерді, оның ішінде бұрын көрсетілген ұйымдар болып табылған заңды тұлғаларды қоса алғанда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары
    Н.А. Әбдірахмановқа жүктелсін.

 

 Төраға                                                                        М. Әбілқасымова

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын реттеу және

дамыту агенттігі Төрағасының

2020 жылғы 17 сәуірдегі

№ 193 бұйрығына

қосымша

 

Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде
зардап шеккен халықтың, шағын және
орта бизнестің қарыздары бойынша негізгі
борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді
тоқтата тұру тәртібіне
қосымша

 

Экономика салалары

 

Код

Атауы

C

Өңдеуші өнеркәсіп

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

33.1

Дайын металл бұйымдарды, машиналарды және жабдықты жөндеу

33.11

Дайын металл бұйымдарды жөндеу

33.12

Машиналар мен жабдықты жөндеу

33.13

Электрондық және оптикалық жабдықты жөндеу

33.14

Электр жабдығын жөндеу

33.15

Кемелер мен қайықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

33.16

Әуе мен ғарыштық ұшу аппараттарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету

33.17

Өзге де көлік құралдары мен жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету

33.19

Өзге де жабдықтарды жөндеу

33.2

Өнеркәсіптік машиналарды және жабдық монтажы, орнату

33.20

Өнеркәсіптік машиналарды және жабдық монтажы, орнату

G

Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

45

Автомобильдер мен мотоциклдерді көтерме және бөлшек саудада сату және оларды жөндеу

45.1

Автомобильдерді сату

45.11

Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату

45.11.1

Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын көтерме саудада сату

45.11.2

Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілерінде автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын бөлшек саудада сату

45.11.3

Сауда алаңы 2000 ш.м-ден астам (2000 ш.м. және жоғары) сауда объектілерінде автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын бөлшек саудада сату

45.19

Басқа көлік құралдарын сату

45.2

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

45.20

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

45.3

Автомобильдер тетіктерін, желілерін және құрал-саймандарын сату

45.31

Автомобильдерге арналған бөлшектер, түйіндер мен жабдықтарды көтерме саудада сату

45.32

Автомобильдерге арналған бөлшектер, түйіндер мен жабдықтарды бөлшек саудада сату

45.32.1

Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем сауда объектілерінде автомобильдерге арналған тетіктер,  желілер мен құрал – саймандарды бөлшек саудада сату

45.32.2

Сауда алаңы 2000 ш.м-ден астам (2000 ш.м. және жоғары) сауда объектілерінде автомобильдерге арналған тетіктер,  желілер мен құрал – саймандарды бөлшек саудада сату

45.4

Мотоциклдерді, олардың тетіктерін, желілерін және құрал-саймандарын сату; мотоциклдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

45.40

Мотоциклдерді, олардың тетіктерін, желілерін және құрал-саймандарын сату; мотоциклдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

46

Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа, көтерме саудада сату

46.1

Сыйақы үшін немесе келісім-шарттық негізде көтерме саудада сату

46.11

Ауыл шаруашылығы шикізатын, тірі мал, тоқыма шикізаты мен жартылай фабрикаттарды көтерме саудада сату жөніндегі агенттердің қызметі

46.12

Отындарды, кендерді, металдар және химиялық заттарды көтерме саудада сату жөніндегі агенттердің қызметі

46.13

Ағаш және құрылыс материалдарын көтерме саудада сату жөніндегі агенттердің қызметі

46.14

Машиналарды, жабдықтарды, кемелер және ұшқыш аппараттармен көтерме саудада сату жөніндегі агенттердің қызметі

46.15

Жиһаз, тұрмыстық тауарлар, бекітпе және өзге де металл бұйымдарды көтерме саудада сату жөніндегі агенттердің қызметі

46.18

Басқа топтарға енгізілмеген тауарлардың жекелеген түрлерін немесе тауарлар топтарын көтерме саудада сатуға мамандандырылған агенттер қызметі

46.19

Түрлі ассортименттегі тауарларды көтерме саудада сату жөніндегі агенттердің қызметі

46.2

Ауыл шаруашылығы шикізатын және тірі малды көтерме саудада сату

46.21

Астық, өңделмеген табак, бидай және жануарларға арналған жемдерді көтерме саудада сату

46.22

Гүлдер мен басқа өсімдіктерді көтерме саудада сату

46.23

Малдарды тірідей көтерме саудада сату

46.24

Тері және былғарыны көтерме саудада сату

46.4

Тұрмыстық тауарларды көтерме саудада сату

46.41

Тоқыма бұйымдармен көтерме саудада сату

46.42

Киімді және аяқ киімдерді көтерме саудада сату

46.43

Электр, радио тауарларын және телевизия жабдықтарын көтерме саудада сату

46.44

Қыш және шыныдан жасалған бұйымдар мен тазартқыш құралдарды көтерме саудада сату

46.45

Парфюмериялық және косметикалық заттарды көтерме саудада сату

46.46

Фармацевтік тауарларды көтерме саудада сату

46.47

Жиһазды, кілемдерді және жарықтандыру жабдықтарын көтерме саудада сату

46.48

Сағаттарды және зергерлік бұйымдарды көтерме саудада сату

46.49

Тұтынуға арналған басқа азық-түлік емес тауарларды көтерме саудада сату

46.5

Компьютерлерді және коммуникациялық жабдықтарды көтерме саудада сату

46.51

Компьютерлер мен шалғай компьютерлік жабдықтарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді көтерме саудада сату

46.52

Электронды және телекоммуникациялық жабдықтарды және олардың бөлшектерін көтерме саудада сату

46.6

Басқа машиналарды, жабдықтарды және олардың тетіктерін және құрал - саймандарын көтерме сату

46.61

Ауыл шаруашылығы техникасын, құрал-жабдықтарды және олардың тетіктерін және құрал – саймандарды көтерме саудада сату

46.62

Станоктарды көтерме саудада сату

46.63

Кен өндіру өнеркәсібіне және құрылысқа арналған машиналар мен жабдықтарды көтерме саудада сату

46.64

Тоқыма өнеркәсібіне, тігін және өру машиналарға арналған машина мен жабдықтарды көтерме саудада сату

46.65

Кеңсе жиһаздарын көтерме саудада сату

46.66

Өзге де кеңсе машиналары мен құрал-жабдықтарды көтерме саудада сату

46.69

Өзге де машиналар мен құрал-жабдықтарды көтерме саудада сату

46.7

Өзге де мамандандырылған көтерме саудада сату

46.71

Қатты, сұйық және газ тәрізді отынды және сол сияқты бұйымдарды көтерме саудада сату

46.72

Металды және металл рудаларын көтерме саудада сату

46.73

Ағаш материалдарын, құрылыс материалдарын және сантехникалық құрал-жабдықтарды көтерме саудада сату

46.74

Қапсырмалы металл бұйымдарды, су құбырын және жылытатын құрал-жабдықтар мен мүліктерді көтерме саудада сату

46.75

Химиялық өнімді көтерме саудада сату

46.76

Басқа аралық өнімдерді көтерме саудада сату

46.77

Қалдықтарды және сынықтарды көтерме саудада сату

46.9

Мамандандырылмаған көтерме саудада сату

46.90

Мамандандырылмаған көтерме саудада сату

47

Автомобильдер мен мотоциклдерді сатудан басқа, бөлшек саудада сату

47.1

Мамандандырылмаған дүкендердегі бөлшек саудада сату

47.19

Мамандандырылмаған дүкендердегі өзге де бөлшек саудада сату

47.26

Мамандандырылған дүкендерде темекі өнімдерін бөлшек саудада сату 

47.3

Мамандандырылған дүкендерде жанармайды бөлшек саудада сату

47.30

Мамандандырылған дүкендерде жанармайды бөлшек саудада сату

47.4

Мамандырылған дүкендерде компьютерлер және коммуникациялық жабдықтарды бөлшек саудада сату

47.41

Мамандандырылған дүкендерде компьютерлер, шалғай жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді бөлшек саудада сату

47.42

Мамандандырылған дүкендерде телекоммуникациялық жабдықтарды бөлшек саудада сату

47.43

Мамандандырылған дүкендерде аудио және бейнеаппаратураны бөлшек саудада сату

47.5

Мамандандырылған дүкендерде басқа тұрмыстық тауарларды бөлшек саудада сату

47.51

Мамандандырылған дүкендерде тоқыма бұйымдарын бөлшек саудада сату

47.52

Мамандандырылған дүкендерде бекітпе бұйымдарды, лак-бояу материалдарын және шыныларды бөлшек саудада сату

47.53

Мамандандырылған дүкендерде кілемдерді, кілем өнімдерін, сондай-ақ қабырға және еден жабындарын бөлшек саудада сату

47.54

Мамандандырылған дүкендерде тұрмыстық электр аспаптарын бөлшек саудада сату

47.59

Мамандандырылған дүкендерде жиһаз, жарықтандыру құрал-жабдықтарын және басқа тұрмыстық тауарларды бөлшек саудада сату

47.6

Мамандандырылған дүкендерде мәдени-ойын-сауық сипатындағы тауарларды бөлшек саудада сату

47.61

Мамандандырылған дүкендерде кітаптарды бөлшек саудада сату

47.62

Мамандандырылған дүкендерде газет, журнал және кеңсе тауарларын  бөлшек саудада сату

47.63

Мамандандырылған дүкендерде аудио және бейнежазбаларды бөлшек саудада сату

47.64

Мамандандырылған дүкендерде спорт жабдықтарын бөлшек саудада сату

47.65

Мамандандырылған дүкендерде ойындар мен ойыншықтарды бөлшек саудада сату

47.7

Мамандандырылған дүкендерде басқа тауарларды бөлшек саудада сату 

47.71

Мамандандырылған дүкендерде киім-кешектерді бөлшек саудада сату

47.72

Мамандандырылған дүкендерде аяқкиімді және былғары бұйымдарды бөлшек саудада сату

47.73

Мамандандырылған дүкендерде фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату 

47.74

Мамандандырылған дүкендерде медициналық және ортопедиялық тауарларды бөлшек саудада сату

47.75

Мамандандырылған дүкендерде косметикалық тауарларды және дәретхана жабдықтарын бөлшек саудада сату

47.76

Мамандандырылған дүкендерде гүлдерді, бөлме өсімдіктерін, тұқымдарды, тыңайтқыштарды, үй жануарларын және үй жануарларына арналған жемдерді бөлшек саудада сату

47.77

Мамандандырылған дүкендерде сағат және зергерлік бұйымдарды бөлшек саудада сату

47.78

Мамандандырылған дүкендерде жаңа тауарларды өзге де бөлшек саудада сату

47.79

Дүкендерде ұсталған тауарларды бөлшек саудада сату

47.8

Палаткалар, дүңгіршектер мен базарлар арқылы бөлшек саудада сату

47.82

Сауда палаткаларында, дүңгіршектерде және базарларда киімдерді, аяқ киімдерді және тоқыма өнімдерді бөлшек саудада сату 

47.89

Палаткалар, дүңгіршектер мен базарлар арқылы өзге де тауарларды бөлшек саудада сату

47.9

Дүкендер, палаткалар, дүңгіршектер және базарлардан тыс емес бөлшек саудада сату

47.91

Тауарларды поштамен тапсырыс беру немесе Интернет желісі арқылы бөлшек саудада сату

47.99

Дүкендерден, палаткалардан, дүңгіршектерден немесе базарлардан тыс өзге де бөлшек саудада сату

H

Көлік және жинақтау

49

Құрлық және құбырмен жүретін көліктің қызметі

49.1

Қалааралық қатынаста жолаушыларға арналған теміржол көлігінің қызметі

49.10

Қалааралық қатынаста жолаушыларға арналған теміржол көлігінің қызметі

49.2

Жүк теміржол көлігінің қызметі

49.20

Жүк теміржол көлігінің қызметі

49.3

Басқа құрлықтағы жолаушылар көлігінің қызметі

49.31

Қалалық және қала маңына құрлықтағы жолаушыларды тасымалдау жүретін көлігінің қызметі

49.32

Такси қызметі

49.39

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де құрлықтағы жолаушылар көлігінің қызметі

49.4

Жүк автомобиль көлігінің қызметі және көшіру жөніндегі қызмет көрсету

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

49.42

Көшіру жөніндегі қызмет көрсету

51.10

Жолаушылар әуе көлігінің қызметі

51.21

Жүк әуе көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймаға қою және қосалқы көлік қызметі

52.1

Жүктерді қоймаға қою және сақтау

52.10

Жүктерді қоймаға қою және сақтау

52.2

Қосалқы көлік қызметі

53

Пошталық және курьерлік қызмет

53.1

Жалпыға қызмет көрсету шегіндегі пошталық қызмет

53.10

Жалпыға қызмет көрсету шегіндегі пошталық қызмет

53.2

Өзге де пошталық және курьерлік қызмет

53.20

Өзге де пошталық және курьерлік қызмет

I

Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету

55

Уақытша тұру жөнінде қызмет көрсету

55.1

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.10

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.2

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру

55.3

Кемпингтер, автофургондарға арналған тұрақтар және тұруға арналған автотіркемелермен қызмет көрсету

55.30

Кемпингтер, автофургондарға арналған тұрақтар және тұруға арналған автотіркемелермен қызмет көрсету

56

Тамақ өнімдерімен және сусындармен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету

56.1

Мейрамханалардың қызметі және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша корсетілетін қызметтер

56.10

Мейрамханалардың қызметі және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша корсетілетін қызметтер

56.3

Сусындарды ұсыну

58.2

Бағдарламалық қамтамасыз етуді шығару

59.14

Кинофильмдерді көрсету бойынша қызмет

62.01

Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет

63.1

Деректерді өңдеу және орналастыру қызметтері; веб-порталдар

L

Жылжымайтын мүлікпен операциялар

68

Жылжымайтын мүлікпен операциялар

68.2

Жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару

68.20

Жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару

M

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

69

Құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы қызмет

69.1

Құқық саласындағы қызмет

69.10

Құқық саласындағы қызмет (заң консультанттары, жеке практикамен айналысатын адамдар: нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар, оның ішінде өзі үшін туындаған міндеттемелер бойынша қызметкерлер болмаған жағдайда)

70

Бас компаниялардың қызметі; басқару мәселелері бойынша консультация беру

70.2

Басқару мәселелері бойынша консультация беру жөніндегі қызмет

70.22

Коммерциялық қызмет және басқару мәселелері бойынша өзге де консультация беру

71.20.9

Техникалық сынаулар мен талдауды жүзеге асыратын өзге де  мекемелердің қызметі

73

Жарнама қызметі және нарық конъюнктурасын зерттеу

73.1

Жарнамалық қызмет

73.11

Жарнама агенттіктерінің қызметі

N

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

77

Жалдау, прокат және лизинг

77.3

Өзге де машиналарды, жабдықтар мен материалдық активтерді жалдау және лизинг

77.35

Әуе көлігі құралдары мен жабдықтарын жалдау және лизинг

79

Туристік агенттіктер мен операторлардың қызметі, брондау және ілеспе қызмет

79.1

Туристік агенттіктер мен операторлардың қызметі

79.11

Туристік агенттіктердің қызметі

79.12

Туристік операторлардың қызметі

P

Білім беру

85

Білім беру

85.1

Мектепке дейінгі білім беру

85.10

Мектепке дейінгі білім беру

85.2

Бастауыш білім беру (1-ші деңгей)

85.20

Бастауыш білім беру (1-ші деңгей)

85.3

Орта білім беру (2-ші және 3-ші деңгейлер)

85.30

Орта білім беру (халықаралық мектептерді қоспағанда, жеке мектептер)

85.31

Негізгі және жалпы орта білім беру

85.32

Техникалық және кәсіптік орта білім беру

85.5

Білім берудің өзге де түрлері

85.51

Спорт және демалыс саласындағы білім беру

85.6

Білім беру саласындағы қосалқы қызмет

85.60

Білім беру саласындағы қосалқы қызмет

Q

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

86.1

Аурухана ұйымдарының қызметі

86.10

Аурухана ұйымдарының қызметі

86.10.3

Санаториялық-курорттық ұйымдардың қызметі

86.2

Дәрігерлік практика және стоматология саласындағы қызмет

86.21

Жалпы дәрігерлік практика

86.22

Арнайы дәрігерлік практика

86.23

Стоматологиялық қызмет

R

Өнер, ойын-сауық және демалыс

90

Шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызмет

90.0

Шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызмет

90.04

Концерттік және театр залдарының қызметі

93

Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет

93.1

Спорт саласындағы қызмет

93.13

Фитнес-клубтардың қызметі

95

Компьютерлерді, жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

95.1

Компьютерлер мен байланыс жабдықтарды жөндеу

95.2

Жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

S

Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну

96

Өзге де жеке көрсетілетін қызметтерді ұсыну

96.0

Өзге де жеке көрсетілетін қызметтерді ұсыну

96.01

Тоқыма және былғары бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

96.02

Шаштараздардың, сұлулық салондарының көрсетілетін қызметтерді ұсынуы

96.04

Физикалық жайлылықты қамтамасыз ету бойынша қызмет