ҚР ҰБ және ҚР ҚНРДА бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

ҚР ҰБ және ҚР ҚНРДА бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

ҚР ҰБ 2020 жылғы 11 сәуірдегі № 105 бұйрығы

 

ҚНРДА 2020 жылғы 11 сәуірдегі № 183 бұйрығы

 

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 98 және № 180 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай ежимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 27 наурыздағы шешімімен енгізілген карантин режимін күшейту кезеңінің ұзартылуына байланысты БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. «Қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 98 және
    № 180 бірлескен бұйрығына (бұдан әрі – 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 98 және
    № 180 бірлескен бұйрығы) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2020 жылғы 13 сәуірден бастап 19 сәуірге дейінгі кезеңде
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында:».

  1. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Қажымұратов Ж.Т.) және Төлем жүйелерi департаменті
    (Ашықбеков Е.Т.) және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Банктік реттеу департаменті (Қизатов О.Т.) және Бағалы қағаздар нарығы департаменті (Медеу Е.А.) осы бірлескен бұйрықты
    2020 жылғы 6 сәуірдегі № 98 және № 180 бірлескен бұйрыққа 1-қосымшада көрсетілген субъектілерге жіберсін.
  3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.