
|
ҚР ҰБ 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 116 бұйрығы |
|
ҚР ҚНРДА 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 198 бұйрығы |
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
Қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимі туралы
«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285, «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 және «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы» 2020 жылғы 14 сәуірдегі
№ 306 Жарлықтарына сәйкес, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын болдырмау мақсатында, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы
27 наурыздағы шешімі негізінде БҰЙЫРАМЫЗ:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшада көрсетілген субъектілердің
9 сағат 00 минуттан 17 сағат 00 минутқа дейінгі жұмыс кестесі белгіленсін.
Осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшада көрсетілген субъектілер қызмет көрсету үшін филиалдар мен бөлімшелерді өз бетінше айқындасын.
Осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшада көрсетілген субъектілердің (олардың филиалдары мен бөлімшелерін ескере отырып) жұмыс орнындағы қызметкерлерінің саны жалпы штат санының 50%-нан (елу пайызынан) аспауға тиіс;
2) ломбардтардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар ретінде есептік тіркеуден өтуі мақсатында ғана олардың 9 сағат 00 минуттан 16 сағат 00 минутқа дейінгі жұмыс кестесі белгіленсін.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген қызметті жүзеге асыру үшін ломбард қызметкерлерінің саны 3 (үш) адамнан аспауға тиіс;
3) «Қазақстан қор биржасы» және «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамдарының 9 сағат 00 минуттан 15 сағат 00 минутқа дейінгі жұмыс кестесі белгіленсін;
4) екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық пошта операторы және айырықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғалар экономика субъектілері мен халықты
қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету бойынша үздіксіз қызметті жұмыс уақытында жүзеге асыруды, оның ішінде банкоматтарды қолма-қол ақшамен уақтылы толықтыруды және олардың кідіріссіз жұмысын қамтамасыз етсін;
5) екінші деңгейдегі банктер және Ұлттық пошта операторы клиенттер операцияларын өңдеуді жүзеге асыратын қызметтердің жұмысын ұйымдастыруды және банкоматтардың, терминалдардың, интернет-банкингтің, мобильдік банкингтің және басқа да клиенттердің банктік шоттарын қашықтан басқару жүйелерінің, инкассаторлық қызметтің, call-қызметтің, төлем карталарын жеткізу қызметінің, сондай-ақ олардың ұйғаруы бойынша басқа қызметтердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің
2020 жылғы «27» сәуірдегі № 116 және
2020 жылғы «27» сәуірдегі № 198
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Субъектілер тізбесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің
2020 жылғы «27» сәуірдегі № 116 және
2020 жылғы «27» сәуірдегі № 198
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің күші жойылған бірлескен бұйрықтарының тізбесі