|
ҚР ҰБ 2020 жылғы 11 мамырағы № 124 бұйрығы |
|
ҚР ҚНРДА 2020 жылғы 11 мамырдағы № 213 бұйрығы |
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
«Қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 121 және № 206 бірлескен бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы
16 наурыздағы № 286 Жарлығына сәйкес, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын болдырмау мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы
16 наурыздағы № 286 Жарлығына сәйкес, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын болдырмау мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:»
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2020 жылғы 11 мамырдан бастап 17 мамыр аралығында
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында:»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. 2020 жылғы 11 мамырдан бастап 17 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың және ломбардтардың 10 сағат 00 минуттан 15 сағат 00 минутқа дейінгі жұмыс кестесі белгіленсін.».