|
ҚРҰБ 2020 жылғы 19 мамыр № 134 бұйрығы
|
|
ҚНРДА 2020 жылғы «19» мамыр № 219 бұйрығы
|
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
«Қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 132 және № 218 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы
16 наурыздағы № 286 Жарлығына сәйкес, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын болдырмау мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
- «Қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 132 және № 218 бірлескен бұйрығына
мынадай өзгеріс енгізілсін:
қосымша мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Коллекторлық агенттіктер».
- Осы бірлескен бұйрық 2020 жылғы 20 мамырдан бастап күшіне енеді.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Қажымұратов Ж.Т.) және Төлем жүйелерi департаменті (Ашықбеков Е.Т.) және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Банктерді реттеу департаменті (Қизатов О.Т.), Бағалы қағаздар нарығы департаменті (Медеу Е.А.), Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті (Терентьев А.Л.) және Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті (Шайқақова Г.Ж) осы бірлескен бұйрықты қаржы нарығының субъектілеріне жіберсін.
- Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.