Қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимі туралы

Қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимі туралы

ҚР ҰБ 2020 жылғы 15 тамыз № 209 бұйрығы

 

ҚР ҚНРДА 2020 жылғы 15 тамыз № 324 бұйрығы

  

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

 Қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимі туралы  

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысына (бұдан әрі – № 48 қаулы) сәйкес, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын болдырмау мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ:  

  1. 2020 жылғы 17 тамыздан бастап:

1) осы бірлескен бұйрыққа қосымшада көрсетілген субъектілер:

халыққа қызмет көрсеткен кезде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим шараларын қатаң сақтаған жағдайда, өндірістік қажеттілік кезінде қашықтан жұмыс істеу режиміне филиалдың (бөлімшенің, пункттің) штат санының кемінде 30 % (отыз пайыз) қызметкерлері ауыса алатын екінші деңгейдегі банктердің филиалдарын (бөлімшелерін, пункттерін) қоспағанда, жалпы штат санының кемінде  50% (елу пайыз) қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеу режиміне ауысуын қамтамасыз етсін;  

жұмыс кестесін 9 сағат 00 минуттан 17 сағат 00 минутқа дейін белгілесін;

қызметтерді онлайн-режимде барынша көрсетуді қамтамасыз етсін;

2) «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының жұмыс кестесі 9 сағат 00 минуттан 17 сағат 00 минутқа дейін белгіленсін, бұл ретте сауда-саттық 15 сағат 00 минутқа дейін, есеп айырысулар 17 сағат 00 минутқа дейін жүргізілсін;

3) «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамының жұмыс кестесі 9 сағат 00 минуттан 17 сағат 00 минутқа дейін белгіленсін;

4) екінші деңгейдегі банктер және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғалар экономика субъектілері мен халықты қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету бойынша үздіксіз қызметті, оның ішінде банкоматтарды қолма-қол ақшамен уақтылы толықтыруды және олардың кідіріссіз жұмысын жүзеге асыруды қамтамасыз етсін;

5) екінші деңгейдегі банктер клиенттер операцияларын өңдеуді жүзеге асыратын қызметтердің жұмысын ұйымдастыруды және банкоматтардың, терминалдардың, интернет-банкингтің, мобильдік банкингтің және басқа да клиенттердің банктік шоттарын қашықтан басқару жүйелерінің, инкассаторлық қызметтің, call-қызметтің, төлем карталарын жеткізу қызметінің, сондай-ақ олардың ұйғаруы бойынша басқа қызметтердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің:

1)  «Қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимі туралы» 2020 жылғы 3 шілдедегі № 191 және № 275;

2) «Қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 191 және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 275 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылғы 28 шілдедегі № 201 және 296 бірлескен бұйрықтарының күші жойылсын.

  1. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және № 48 қаулыда көзделген шектеу шараларының және (немесе) іс-шаралардың күші жойылғанға дейін қолданылады.
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Қажымұратов Ж.Т.) және Төлем жүйелерi департаменті (Ашықбеков Е.Т.) және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Банктерді реттеу департаменті (Қизатов О.Т.), Бағалы қағаздар нарығы департаменті (Медеу Е.А.) және Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті (Терентьев А.Л.) осы бірлескен бұйрықты осы бірлескен бұйрыққа қосымшада көрсетілген субъектілерге жіберсін.
  3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.В. Вагаповқа және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің

2020 жылғы 15 тамыздағы № 209

және 2020 жылғы 15 тамыздағы № 324  бірлескен бұйрығына

қосымша

Субъектілер тізбесі

 

  1. Екінші деңгейдегі банктер
  2. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясының негізінде қызметін айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалар, ипотекалық ұйымдар)
  3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары
  4. Сақтандыру брокерлері
  5. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар
  6. Микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар
  7. Төлем ұйымдары
  8. Коллекторлық агенттіктер