
|
ҚРҰБ 2020 жылғы 18 қырқүйек № 230 бұйрығы
|
|
ҚР ҚНРДА 2020 жылғы 18 қырқүйек № 361 бұйрығы |
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
«Қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 209 және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 324 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысына сәйкес, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын болдырмау мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2020 жылғы 21 қыркүйектен бастап:»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы бірлескен бұйрыққа қосымшада көрсетілген субъектілер:
халыққа қызмет көрсеткен кезде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим шараларын қатаң сақтаған жағдайда, өндірістік қажеттілік кезінде қашықтан жұмыс істеу режиміне филиалдың (бөлімшенің, пункттің) штат санының кемінде 30 % (отыз пайыз) қызметкерлері ауыса алатын екінші деңгейдегі банктердің филиалдарын (бөлімшелерін, пункттерін) қоспағанда, жалпы штат санының кемінде 50% (елу пайыз) қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеу режиміне ауысуын қамтамасыз етсін;
қызметтерді онлайн-режимде барынша көрсетуді қамтамасыз етсін;»;
2) және 3) тармақшалар алып тасталсын.