
|
ҚР ҰБ 2020 жылғы 05 қыркүйек № 220 бұйрығы |
|
ҚР ҚНРДА 2020 жылғы «05» қыркүйек № 342 бұйрығы |
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
«Қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 209 және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 324 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысына (бұдан әрі – № 48 қаулы) сәйкес, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын болдырмау мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2020 жылғы 7 қыркүйектен бастап:»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы бірлескен бұйрыққа қосымшада көрсетілген субъектілер:
халыққа қызмет көрсеткен кезде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим шараларын қатаң сақтаған
жағдайда, өндірістік қажеттілік болған кезде филиалдың (бөлімшенің, пункттің) штат санының кемінде 30% (отыз пайыз) қызметкерлері қашықтан жұмыс істеу нысанына ауыса алатын екінші деңгейдегі банктердің филиалдарын (бөлімшелерін, пункттерін) қоспағанда, жалпы штат санының кемінде 50% (елу пайыз) қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеу нысанына ауысуын қамтамасыз етсін;
жұмыс кестесі 9 сағат 00 минуттан 18 сағат 00 минутқа дейін белгіленетін екінші деңгейдегі банктерді және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияның негізінде айырбастау пункттері ғана арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда, жұмыс кестесін 9 сағат 00 минуттан 17 сағат
00 минутқа дейін белгілесін;
қызметтерді онлайн-режимде барынша көрсетуді қамтамасыз етсін;».