Меню

Страницы

Статья

Арнайы шоттар: оларды кім және неге ашуға тиіс

Егер сіз жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер алушы болсаңыз немесе, мысалы, кәмелеттік жасқа толмаған балаларды күтіп-бағуға алименттер төлейтін болсаңыз, онда сіз банкте «қарапайым» карточкалық шот емес, арнайы шот ашуыңыз қажет. Арнайы шотты «Қазпочта» АҚ-та ашуға да болады. Шотты, әсіресе арнайы шотты  ашар алдында барлық ақпаратқа назар аударып, мұқият зерделеу қажет.

Заңнамаға сәйкес арнайы шоттағы ақшаға: сот орындаушыларының инкассолық өкімдері бойынша тыйым салуға, банктердің және банктік емес ұйымдардың төлем талаптары бойынша өндіріп алуға болмайды.

Осылайша, арнайы шоттардағы қаражат қарыз алушыларда қарыз бойынша мерзімі өткен берешек болған кезде үшінші тұлғалардың өндіріп алуынан толық көлемде қорғалған.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында 2019 жылдан бері мынадай шоттардан ақша өндіріп алуға тыйым көзделген:

  1. Жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер есептеу үшін;
  2. Кәмелеттік жасқа толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған алименттер;
  3. Азаматтардың тұрғын үй құрылыс жинақтарын төлеу үшін;
  4. Білім беру жинақтау салымдарын.

Арнайы шоттарға жоғарыда көрсетілген төлемдер ғана есептелуі мүмкін және банктер осындай шоттарға төлем нысанасының тиісті коды және ақша жөнелтуші бойынша ақшаның түсуін бақылауды жүзеге асырады. Арнайы шоттарды банктер жеке тұлғаның талап етуі бойынша және банк шотын ашуға арналған өтініште оның арнайы мақсаты көрсетілген жағдайда ашады.

 

Арнайы шотты қалай ашуға болады?

Арнайы шоттарды ашу тәртібі Банктерде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген, ол Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысында жарияланды.

Арнайы шотты ашу үшін банкке жеке басын куәландыратын құжаттан басқа, «арнайы» шоттың мақсаты көрсетілген өтініш беру ҚАЖЕТ.

Бұл ретте мыналар қосымша ұсынылады:

 - алимент (кәмелетке толмаған және кәмелет жасындағы еңбекке жарамсыз балаларды бағып-күтуге арналған ақша) алушылар үшін – алимент (кәмелетке толмаған және кәмелет жасындағы еңбекке жарамсыз балаларды бағып-күтуге арналған ақша) өндіріп алу туралы сот актісінің көшірмесін немесе Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекске сәйкес оларды төлегені туралы нотариат куәландырған келісім;

- тұрғын үй төлемдерін есепке жазу және тұрғын үй қатынастары туралы заңнамаға сәйкес мақсаттарға төлемдерді жүзеге асыру үшін – ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы анықтама.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылар нені есте сақтау керек?

Маңызды! Жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер, кәмелетке толмаған және кәмелет жасындағы еңбекке жарамсыз балаларды бағып-күтуге арналған алимент алушылардың мұқият болуы және «қол сұғылмайтын» болып табылатын арнайы шоттар ашуы қажет екенін қайталап айтамыз. Банктің менеджеріне жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер, алименттер түріндегі ақшаны, сондай-ақ азаматтардың тұрғын үй құрылыс жинақтарының төлемдерін және білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша жинақ салымдарын есепке жазу үшін арнайы шоттар ашу туралы сұрақтар қоюға қысылмау керек.

 

Арнайы шотты қалай жабуға болады?

Ол үшін банкке өтініш жазу қажет. Өтінішті, егер өзгесі банктік қызмет көрсету шартында көзделмесе, кез келген уақытта беруге болады. Банк шотын жабу кезінде клиенттің банк шотында қалған ақша сіздің талап етуіңіз бойынша Сізге беріледі немесе банктік қызмет көрсету шартына сәйкес басқа банктік шотқа аударылады.

42 500 теңге алу үшін арнайы шот ашу қажет пе?

Төтенше жағдай және карантин жағдайында 42 500 теңге мөлшерінде арнайы төлем алу үшін кез келген карточкалық шоттарды пайдалануға болады. 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында екінші деңгейдегі банктермен және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен тиісті жұмыс жүргізді.

Банктер мұндай қызметті қашықтан көрсетеді. Бұл үшін сіз шот ашатын банкті таңдап банктің мобильді қосымшасында немесе сайтында тіркеуден өтуіңіз, қашықтан сәйкестендіруден өтуіңіз қажет. Үйден шықпай карточка шотын ашудың және карточка алудың толық алгоритмі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің www.finreg.kz сайтында жарияланған.

Қазіргі уақытта қызметтің осы түрін 1,7 млн адам пайдаланған, олар әлеуметтік жәрдемақы алу үшін карточка шоттарын ашып, төлем карточкаларына тапсырыс берген.  Оның ішінде шамамен 700 мың клиентке карточка үйге дейін жеткізілген.

Егер сіздің карточкалық шоттарды, сондай-ақ арнайы шоттар ашуға қатысты сұрақтарыңыз болса, консультация алу үшін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мына жедел желі телефондары арқылы: +7 (727) 2788 -122, 2788 – 144 (жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден бастап 17.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден бастап 14.00-ге дейін, жексенбі – демалыс) немесе Fingramota@finreg.kz және TAL@finreg.kz  e-mail-ға электронды түрде жүгінуге болады.

 

Өзіңіздің қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-мен бірге арттырыңыз!

 

 

 

Дата публикации
29 апреля 2020
Дата обновления
29 апреля 2020
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы