Қазақстанда қаржы пирамидалары тұтыну кооперативтері, жалған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (қаржы агенттері, инвестициялық компаниялар), түрлі коммерциялық интернет-жобалар нысанында құрылуда. Алаяқтар адамдардың аңғалдығы мен жылдам әрі оңай баюға деген ниетін шебер пайдаланып, халықты алдап соғуда. Қаржы пирамидасына қатысушылар көбіне қандай қаржы алаяқтарына тап болғандарын да білмейді. Бүгінгі күні Қазақстанда кеңінен тараған қаржы пирамидаларының негізгі түрлерін қарастырсақ.
Қатысушының кірістері жұмыс істеп тұрған қатысушылардың салымдары, сондай-ақ олар тартатын жаңа қатысушыларды құрудан түсетін салымдардың есебінен қалыптастырылады.
Автомобильдерді, пәтерлерді, үйлерді, жер телімдерін және т.б. сатып алуға кредиттеудің төмен мөлшерлемелерін ұсынады. Тұтынушылық немесе ипотекалық кредитті ұсыну үшін «қаржы пирамидасына» жалпы соманың 5-20 пайызы мөлшерінде бастапқы жарна енгізу қажет.
- алаяқтық белгілерді барлар, мұндайда автомашиналарын сатқысы келетін адамдар ломбардқа барады. Одан соң автомашинаның иесі мен ломбардтың арасында шарт жасалады, оған сәйкес ломбард 2 ай ішінде автомашинаны шартта көрсетілген сомаға сатуға міндеттенеді;
- қаржы пирамидаларының белгісі барлар, мұндайда пайда алу үшін өз ақшасын салғысы келетін адамдар ломбардқа барады. Салымшылар мен ломбард арасында салымшаға 480% мөлшерінде жылдық сыйақы төлей отырып бірлескен қызмет туралы шарт жасалады.
Азаматтардың банк алдындағы кредиторлық берешегін өтеу бойынша қызмет көрсетеді. Алаяқтық схема азаматтың оның банк алдындағы берешегін толық өтеу міндеттемесіне айырбастау үшін «қаржы пирамидасына» белгілі бір соманы беруден тұрады.
Мұндай «қаржы агенттері» кредитті өтеу үшін жеткілікті кіріс әкелетін түрлі инвестициялық жобалар ұйымдастыратына сендіреді. Шарт жасай отырып, олар жеке тұлғаның кредит бойынша банк немесе МҚҰ алдындағы берешегін өтеуге міндеттенеді. Оның орнына клиент агентке борыштың жалпы сомасының 20-35% мөлшерінде ақша береді. Бұл қаражат шартта агенттің қызметі үшін ақы ретінде көрсетіледі.
Бұдан кейін «қаржы агенті», әдетте, өзінің міндеттемелерін «адал» орындайтынын көрсету және жаңа клиенттерді тарту үшін борышты өтеу есебіне бірнеше төлемдерді жасайды. Кейіннен ол өз міндеттемелерін орындауды тоқтатады, ал оның қызметіне жүгінгендердің берешегі өтелмей қалады.
Бұл тәуекелі өте жоғары трейдинг түрі, қор нарығын инвестициялауға қарағанда, мәні бойынша мөлшерлемелер мен құмар ойындарға жақын. Forex-компаниялардың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелмейді!
Forex-компаниялар, бинарлық опциондар кепілдік берілген кірістілікті көздейді. Мысалы, Forex халықаралық валюта нарығында сауданы ұйымдастыру қызметін ұсынады. Клиентке «жыл сайын Forex нарығындағы операцияларда 100% кіріс алатын» өте жақсы кәсіптенген адамның бар екендігін айтады және осы адаммен сенімгерлік басқару шартын жасауды немесе осы «кәсіптенген адамның» мәмілелерін қайталауды ұсынады. Әдетте, бұл жағдайда жеке тұлғамен шарт ресімделеді. Азамат ақшасын аударады, бірақ бірнеше апта өткен соң көп жағдайда ештеңесіз қалады.
Белгілі бір сайтқа тіркелуді және ойын-сауықтың көп деңгейдегі ақпараттық жүйесіне қолжетімділіктің бастапқы деңгейін алуды ұсынады, ол соңғы деңгейде қаражат, сыйлық және/немесе өзге табыс алуы ықтимал. Осындай жүйеге қолжетімділіктің кезекті деңгейін алу өтеусіз негізде, оның ішінде электрондық ақшаны пайдалана отырып жүзеге асырылады. Әрбір деңгей бойынша келесі «жарнаның» құны ұлғайып отырады.
Мәселен, атауында немесе жарнамада белгілі брендтерді – қаржы нарығының кәсіби қатысушыларын, оның ішінде банктерді, микроқаржы ұйымдарын, ломбардтар мен қаржы нарығының өзге қатысушыларын, сондай-ақ ірі ұлттық және әлемдік компанияларды пайдаланатындар. Ақша қаражаты адамдардан өте жоғары кепілді кіріске кенелуге уәде берумен қарыз түрінде тартылады.
Қаржы пирамидасының қызметі – бұл оны құрушылардың жеке басының баюына арналған алаяқтық түрі. Қаржы пирамидасына ақша салудың тартымды талаптарының бірі тым қысқа уақыт аралығында жоғары кіріс алу мүмкіндігі болып табылады, алайда сіз оның мүмкін еместігін естен шығармаңыз. Ақша қаражатын кері қайтарып алу және/немесе өзге де пайда алу іс жүзінде жүзеге асырылмайды. Қаржы пирамидасының моделі оған қатысушыларды жоғары деңгейдегі кіріспен ұзақ уақыт қамтамасыз етуі мүмкін емес. Тіпті өз жұмысын ашылғаннан кейін келесі күні тоқтатқан қаржы пирамидалары да бар. Сақ болыңыз және өз қаржылық сауаттылығыңызды www.fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!