Меню

Страницы

Статья

Пандемияны жаңа қарыздарсыз «бастан өткерген» жөн

Төтенше жағдай және карантин кезінде, біздің азаматтарымыздың қаржылық жағдайы нашарлаған кезде: кейбір кісілерде табыстар төмендеді, сондай-ақ жинақ ақша да таусылып қалып, тез қарыздарды ресімдеуге қызығушылық артуда. Осы жерде және қазір «тіршілік ету» үшін кредит алу, карантин мерзімі аяқталғанда және жұмыс күндері қайтып оралғанда оны жабу оп-оңай боп көрінуі мүмкін. Ал, бұл ұзақ уақыт бойы сізді сергелдеңге салып қоятын сағымдай дүние, одан шығу оңай емес.

 

Кредит – ыңғайлы және көбіне аса қажет қаржы құралы. Бірақ кредит – екі тарап:  сіз және оны беретін ұйым үшін де үлкен жауапкершілік. «Қарызға алынған ақшаны үшін ерте ме, кеш пе есеп айырысу және кредитті  пайыздармен, ал егер кредитті онлайн кредиторлардан алу қажет болса, тіпті үлкен пайыздармен қайтару керек болады. Қарыздарға қызмет көрсету бойынша өз мүмкіндіктеріңізді әрдайым айқын бағалаңыз!», – деп атап өтті ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев.

Коронавирус пандемиясы адамның ертеңгі күніне деген сенімінің қаншалықты қауқарсыз екенін көрсетті. Сол себепті кредит алмас бұрын өзіңізге қаншалықты сенетіңізге шынайы жауап беріңіз: Сіздің болашақтағы қаржылық ахуалыңыз кредит ауыртпалығын көтере ала ма? Егер дағдарыс ұзаққа созылса, жағдай өзгеруі мүмкін бе? Бұрынғы жұмыс орныңызды сақтай аласыз ба әлде қазіргі уақыттағыдай карантинде отыруға мәжбүр боласыз ба? Денсаулығыңыз сыр берса, кредит бойынша төлемдерді жүзеге асыра аласыз ба?

Өкінішке орай, бұрынғы жайбарақат өмірдің өзінде қарыз алушылардың барлығы кредиттік ұйым алдында өз қарыздарын өтей алмаған. Тіпті қазіргі сәтте кірісіңіз тұрақты болса да, бұдан былайғы жағдайыңыз Сіз ойлағандай болып шықпауы әбден мүмкін.

«Онлайн-қарыздарды отбасылық бюджетіңіздің ойсыраған жерін «жамайтын» тәсілдердің бірі деп қабылдауға болмайды. Әрине, онлайн-кредиторлардан  «жалақыға дейін кредит ала тұру» оңай тәсіл, алайда қарыздар бойынша төлейтін пайыздарыңыз екінші деңгейдегі банктермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болады. Мұндай қарыздар бойынша кредиттік төлемдер болашақта өзіңізге шамадан тыс ауыртпалық  түсіреді»,- дейді қаржы реттеушісінің өкілі. ЖТСМ мөлшерін тексеру үшін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау» (http://finreg.kz/?docid=3552&switch=russian) бөлімінде кредиттік калькулятор орналастырылған, оның көмегімен қарыз алушы өзінің борыш жүктемесін есептей алады.

Егер ЖТСМ шекті мәндерінің асып кеткен және қарыз бойынша артық төлем анықталған жағдайда қарыз алушы өзінің құқықтарын қорғау үшін Агенттікке және заң талаптарына сәйкес келмейтін қарыз шартын жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгіну қажет. Сондай-ақ, жасырын комиссияларға байланысты артық төлем төлеуді болдырмау үшін шарттың барлық талаптарын мұқият оқып шығыңыз.

Ақшалай салымдар арқылы жоғары кіріс алуға сенім тұдыратын күмәнді жобаларға немесе ұйымдарға ақша салып инвестициялау үшін несие алу керек емес. Дағдарыс кездерінде әдеттегідей, қаржылық алаяқтар белсенді бола бастайды.

         «Әрине, қысқа мерзімде керемет пайда әкелетін сиқырлы қаржы құралдарына қаржы салу үшін қарыз алушылар кредит алып, ақшаларын тәуекел етеді. Қаржылық алаяқтар аңғал қазақстандықтар арқасында өз «ойындарын» жүргізіп, пандемия жағдайында тіптен белсенді болуда және түрлі алаяқтық схемаларды ойлап тауып және іске  асыра отырып, азаматтарды ебін тауып тонап жүр», - деп ескертті А. Терентьев.    

Сіз клиент болғыңыз келетін кредиттік ұйымының сайтында орналастырылған ақпаратты міндетті түрде тексеріңіз. Егер ұйым, мысалы, өзін ломбард деп атайды, бірақ өзінің сайтында көп пайыз беретінін уәде беріп депозиттерді қабылдаса, оны сақтықпен қарауыңыз тиіс. Депозиттерді қабылдау дегеніміз банк операцияларына жатады, заңнамаға сәйкес қаржылық реттеушінің тиісті лицензиясы бар оларды екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ Ұлттық пошта операторы ғана жүзеге асыра алады.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры  кредиттік ұйымдарының ішінен қаржылық реттеушінің қатаң бақылауында екінші деңгейдегі банктер және есептік тіркеуден өткен микроқаржы ұйымдары тұрғанын ескереді. Ұйымдарды ломбард сияқты кредиттік ұйымдар, сондай-ақ онлайн кредиттеу компанияларды реттеуді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осы ұйымдар есептік тіркеуден өткеннен – 2020 жылғы 1 шілдеден кейін жүзеге асырады.  Бірақ қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында және есептік тіркеуден өткенге дейін осы ұйымдардың қызметі тексерумен қамтылады.

 «Кредиттік ұйымға жүгінетін қаржылық қызметтерді тұтынушылар  оның қызметі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тарапынан реттеуге жататын-жатпайтындығын тексеріп алуы тиіс. Мұны қаржы реттеушісінің www.finreg.kz сайтында «Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі» айдарынан тексеруге болады. Егер компания тізімде болмаса, ол есептік тіркеуден өтпеген және оның қызметі уәкілетті орган тарапынан реттеуге жатпайды дегенді білдіреді», - деп түсіндіреді А. Терентьев.

А. Терентьев азаматтар қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша, сондай-ақ қаржылық алаяқтық анықталған жағдайда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне мына жедел желі телефондары: +7 (727) 2788 122, 2788 144 немесе   Fingramota@finreg.kz және TAL@finreg.kz электрондық поштасы арқылы жүгіне алатындығын еске салады.

 

 

Дата публикации
24 апреля 2020
Дата обновления
24 апреля 2020
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы