2020 жылға дейін халыққа уәкілетті орган реттейтін коммерциялық банктер, ипотекалық компаниялар және микроқаржы ұйымдары ғана емес, сонымен қатар онлайн-кредит беру компаниялары («жалақыға дейін қарыздар» ұсынатын), ломбардтар, кредиттік серіктестіктер сияқты кредиттеудің реттелмейтін субъектілері да қарыз бере алады. Реттелмейтін субъектілерге мұндай құқық Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде берілген.
Микрокредит беру туралы шарт жасасу кезінде азамат мынадай маңызды жағдайларға мұқият назар аударуы керек:
3) шартта комиссия өндіру жөніндегі талаптар қамтылмайды, егер ұйым микрокредит алу және одан әрі қызмет көрсету шеңберінде қандай да бір қосымша қызметтерге ақы төлеуді талап етсе, онда бұл «Микроқаржылық қызмет туралы» заңды бұзу болып табылады»;
4) егер сізде ресми кіріс не расталған кірістер мен мүлік болса, олардың құны, әдетте, берілетін микрокредит сомасын өтейтін болса, микроқаржы ұйымынан микрокредит алуға болады;
5) егер қарыздар мен микрокредиттер бойынша ай сайынғы төлемдер қарыз алушының айлық кірістерінің жартысынан асатын болса, бұл қарыз алушының борыштық жүктемесі деңгейінің рұқсат етілген деңгейден асып кеткенін білдіреді, бұл өз кезегінде қарыз алушы үшін қарызды өтеу мерзімін кешіктіру және борыш ауыртпалығында қалу қаупін тудырады.
Адам қарыз (микрокредит) алуды өте мұқият және терең ойланып барып шешуі керек. Бұл шамадан тыс қаржылық шығасылар, берешекті өтеу қажеттілігімен байланысты психологиялық күйзеліс сияқты салдарлардың алдын алады.