Меню

Страницы

Статья

ШОК субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы туралы

Короновирустық инфекция пандемиясына және оның Қазақстан экономикасына теріс ықпалына байланысты төтенше жағдай нәтижесінде зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін, дара кәсіпкерлерді қолдауға арналған Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын әзірледі.

Аталған бағдарламаны іске асыру үшін екінші деңгейдегі банктерде негізделген салымдарды орналастыру арқылы 600 млрд теңге бөлінді. Бизнесті қолдау тетігі екінші деңгейдегі банктердің төтенше жағдайдың енгізілуі нәтижесінде зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, дара кәсіпкерлерге 12 айға дейінгі мерзіммен жылдық 8%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша айналым қаражатын толықтыруға жеңілдікпен кредиттер беруі арқылы іске асырылады.

Екінші деңгейдегі банктердің қаражатты игеру мерзімі 3 ай. Жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасының операторы болып Ұлттық Банк жанындағы «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ айқындалды, сондай-ақ активтер сапасын тәуелсіз бағалаудан (Asset Quality Reviews) өткен және портфелінде шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне берілген қарыздары бар 13 қатысушы банк белгіленді.

Бағдарламаға қатысушы банктердің бөлінген қаражатты мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алуға, басқа банктердегі депозиттерге орналастыруға, шетел валютасын сатып алуға пайдалануына және өзге мақсатқа сай пайдаланбауына тыйым салынады. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-пен бірлесіп кәсіпкерлерге берілген жеңілдікті кредиттердің уақтылы және нысаналы пайдаланылуына ай сайынғы негізде мониторинг жүргізетін болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлінген қаражаттың соңғы қарыз алушыға жеткізілуі бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады.

Дата публикации
20 марта 2020
Дата обновления
20 марта 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы