Меню

Страницы

Статья

1,3 миллионнан астам қарыз алушы қарыздары бойынша төлем мерзімін кейінге қалдырды

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халыққа және бизнеске қолдау көрсету жөніндегі шаралардың орындалуын мониторингтеуді жалғастыруда. 

2020 жылғы 14 сәуірдегі жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктерге және өзге кредиттік ұйымдарға қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлемдерді тоқтата тұруға 1 518 071 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 1 505 960 жеке тұлға банк қарызының төлемдері бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруға өтінім берді. 12 111 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі кредиттік ұйымдарға төтенше жағдай кезеңінде кредиттер бойынша мерзімін кейінге қалдыруға өтініш берді.

Төлемдерді тоқтата тұруға мақұлдауды 1 350 529 қарыз алушы алды, оның ішінде 1 340 707 – жеке тұлға, дара кәсіпкерлерді қоса алғанда 9 822 ШОБ субъектісі. Қалған өтінімдер қаралып жатыр және 10 жұмыс күнінің ішінде олар бойынша тиісті шешімдер қабылданатын болады.

 

Жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлердің қаражатты игеруін мониторингтеу

Екінші деңгейдегі банктерден алынған деректерге сәйкес 2020 ж. 14 сәуірдегі жағдай бойынша  12 екінші деңгейдегі банкке шағын және орта бизнес субъектілерінен және дара кәсіпкерлерден  167 231 млн теңге сомаға 634 өтінім түсті, оның ішінде 32 632 млн теңге сомаға 56 қарыз мақұлданды.

 

Анықтама үшін:

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту  агенттігімен бірлесіп Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын әзірледі. Осы Бағдарламаны іске асыру үшін екінші деңгейдегі банктерге шартты салымдар орналастыру арқылы шағын және орта бизнес субъектілеріне және дара кәсіпкерлерге 600 млрд. теңге бөлінді.

Бизнесті қолдау тетігі екінші деңгейдегі банктердің төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, дара кәсіпкерлерге айналым капиталын толықтыру үшін 12 айға дейінгі мерзімде жылдық 8%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша жеңілдікпен кредит беру арқылы іске асырылады. Екінші деңгейдегі банктердің қаражатты игеру мерзімі 3 айды құрайды.

1) Ақша қаражаты ШОК субъектілеріне кредит беруге бағытталуға тиіс.

2) Бір қарыз алушыға лимит:

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері заңды тұлғалар үшін ­– 3 млрд теңгеден аспайды;

дара кәсіпкерлер үшін – 50 млн теңгеден аспайды.

3) Айналым капиталын толықтыруға кредит қарыз алушының банктік шотына аударылады және қарыз алушы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеуге, салықтар төлеуге арналған төлемдерді және бюджетке басқа да төлемдерді жүзеге асырады.

 

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтар бойынша жедел желінің мына телефондарына хабарласыңыздар:

 +7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122

(жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін,

сенбі – 9.00-ден 14.00-ге дейін, жексенді – демалыс)

e-mail: Fingramota@finreg.kz, TAL@finreg.kz

 www.finreg.kz

Дата публикации
15 апреля 2020
Дата обновления
15 апреля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы