Шағын және орта бизнес субъектілерін қаржылық қолдауға, кедейлікке қарсы күреске және азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға бағытталған микроқаржы ұйымдары қызметінің әлеуметтік-бағдарланған сипатын ескере отырып, Қауымдастық құрамына кіретін микроқаржы ұйымдары қаржы жүйесінің тұрақтылығын және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін Үкімет пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттіктің әзірлеуін қолдайды.
Осыған байланысты МҚҰ қарыз алушыларға мынадай қолдау көрсетуге дайын:
Бизнесті қолдау шараларын ұсынудың міндетті шарты 2020 жылдың 17 наурызына дейін қарыз алушыда мерзімі өткен берешектің болмауы болып табылады. Жеке шарттарды әрбір МҚҰ жеке анықтайды.
Дағдарысқа қарсы шараларды қолдауға тек қана ҚМҚҰҚ мүшелері дайын екендіктерін білдірді, олардың микроқаржылық қызметтер нарығындағы үлесі 90% - ды құрайды. Қауымдастық мүшелерінің тізімін www.amfok.kz сайтынан таба аласыз.