Мемлекет басшысының төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен халықтың, шағын және орта бизнестің қарыздары бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру бойынша а.ж. 23 наурыздағы тапсырмасын іске асыру үшін, Агенттік а.ж. 24, 25 және 26 наурызда Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен, екінші деңгейдегі банктермен және микроқаржы ұйымдарымен талқылау жүргізді және оның нәтижелері бойынша төтенше жағдай кезеңінде халыққа және кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету шараларын іске асырудың жан-жақты тәртібі бекітілді.
1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына:
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
- 1 және 2 топтағы мүгедектер;
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
- жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
- кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- оралмандар;
- экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
- мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
- толық емес отбасылары жатады.
2) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;
Көрсетілген жеке тұлғалардың тізімдері кредиттік ұйымдарға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және кредиттік бюролардың ақпараты негізінде ұсынылады.
Қарыз алушының өтініші қаржылық жағдайдың нашарлау себебін көрсете отырып еркін нысанда жасалады, электрондық пошта, «банк-клиент» жүйесі, ұйымның интернет-ресурсы, мобильдік қосымша және басқа да байланыс құралдары арқылы жіберіледі. Кредиттік ұйым қарыз алушының өтінішін 10 жұмыс күні ішінде қарайды.
Өтініш кредиттік ұйымға кез келген сәтте 2020 жылғы 16 наурыз – 15 маусым аралығындағы кезеңде беріле алады. Бұл ретте кредиттік ұйымда жеке тұлғаның қаржылық жағдайының нашарламағаны туралы ақпарат болған жағдайда бас тарта алады. Төлемдерді тоқтата тұру кезеңінде кредиттік ұйым қарыз алушылар бойынша шағым-талап жұмысын және мерзімі өткен берешекті өтеу қажеттілігі туралы қарыз алушыны хабардар етуді тоқтатады.
- қызметі төтенше жағдай режимімен шектелген экономика салаларында қызметті жүзеге асыру, оның ішінде: азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және оларға байланысты жеткізілімдерді қоспағанда, сауда секторы, ойын-сауық-сауда орталықтарын жалға алушыларды қоса алғанда, халық тұтынатын тауарлардың дүкендері, тауарлар жеткізу тізбесі, туроператорларды және турагенттерді қоса алғанда, спорт, туризм және қонақ үй бизнесі, азық-түлікті және дәрі-дәрмекті тасымалдауды қоспағанда, жолаушылар және жүк тасымалдау секторы, мейрамханаларды және кафелерді қоса алғанда, қоғамдық тамақтану секторы, тұрмыстық қызмет көрсету секторы, театрларды, кинотеатрларды, фото- және бейне түсіруді, көрмелерді және конференцияларды қоса алғанда, бос уақытты және демалысты ұйымдастыру, мерекелерді ұйымдастыру, сән салондары және фитнес орталықтары, не
- төтенше жағдай режимінің қолданылуы кезеңінде сатылған тауарлар және (немесе) көрсетілген қызметтер көлемінің төмендеуі, сатып алушылардан ақы төлеу мерзімдері кешіктірілгені, тоқтатыла тұрғаны, ауыстырылғаны (мерзімі шегерілгені), қызметкерлердің штат санының қысқарғаны расталған кезде немесе басқа объективті себептер бойынша қаржылық жағдайы нашарлаған.
Жедел желі телефондары: +7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122
Қаржы нарығы субъектілерінің іс-әрекеттеріне сұрақтар мен шағымдарды www.finreg.kz сайтының кері байланысы арқылы, TAL@finreg.kz, Fingramota@finreg.kz электрондық поштасы бойынша жіберуге болады