Меню

Страницы

Статья

ҰБ және Агенттігі ЕДБ активтерінің сапасына бағалау жүргізу жұмысының нәтижелерін ұсынды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылғы 30 қаңтардағы  және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.K. Тоқаевтың 2019 жылғы 24 сәуірдегі тапсырмаларына сәйкес  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп    2019 жылы банк секторы активтерінің сапасына  тәуелсіз бағалау (бұдан әрі – АСБ) жүргізді.

АСБ бағдарламасы 14 екінші деңгейдегі банкті қамтыды, олардың үлесіне    активтердің 87%-ы және банктердің жалпы несие портфелінен 90% тиесілі. Қазақстан банктерінің жай-күйін бағалау қазақстандық нарықтың ерекшелігіне ең аз түзетулермен Еуропалық Орталық Банктің (бұдан әрі – ЕОБ) әдіснамасына сәйкес жүргізілді. Мұндай тәсіл алынған нәтижелерді осындай шетелдік бағдарламалардың нәтижелерімен салыстырып тексеруді қамтамасыз етті.

 АСБ нәтижелері 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жүйе деңгейінде, сол сияқты АСБ-ға қатысқан жекелеген банктер деңгейінде капитал тапшылығының жоқ екендігін растайды. АСБ-ға қатысушы банктердің салымшылары үшін тәуекелдер жоқ.

Шоғырландырылған деңгейде реттеушілік минимумға қатысты k1 капиталының артуы АСБ  түзетулерін ескере отырып АСБ-ға дейін ~105%-бен салыстырғанда ~70% болды. Осылайша, 2019 жылғы 1 сәуірде АСБ нәтижелері бойынша капитал қоры жүйе деңгейінде 800 млрд теңгеге жуық болды. Орташа алғанда банктер бойынша капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті тәуекел бойынша орташа алынған активтер сомасынан 13%-ға жуық, ал ҚҰБ-нің нормативі 7,5% болды.

Осыған ұқсас, АСБ нәтижелері бойынша жүйе деңгейіндегі k2 пруденциялық капиталының қоры тәуекелдерді пруденциялық тұрғыдан (мысалы, ұжымдық резервтеу моделін бағалауға қатысты және  банктердің балансындағы жылжымайтын мүлікті қайта бағалауды ескере отырып) толық өтеу үшін жеткілікті.

Әлеуетті тәуекелдерді толық өтеуді қамтамасыз ету  үшін 2020 жылы Үкімет, Ұлттық Банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Проблемалық кредиттер қорының ақылы кепілдігі түрінде активтерді қорғаудың қосымша тетігін (Asset protection scheme) айқындады.  Активтерді қорғау құралы өздеріне тәуекелдерді үстеме капиталдандыру және шектеу бойынша міндеттемелер қабылдайтын осы Бағдарламаға қатысушы банктерге AQR нәтижелерін ескере отырып активтердің сапасын арттыру бойынша барлық қажетті шараларды іске асыруға және банктер мен акционерлер есебінен қалған тәуекелдерді дербес жабуға мүмкіндік береді. Бағдарлама қаражаттың ақылы және қайтарымды болуы талаптарымен іске асырылатын болады.

Бағдарламаға қатысушы банктер АСБ іске асыру кезеңінде жаңа кепілдерді қабылдау, проблемалық қарыздарды өтеу мен есептен шығару, провизиялар қалыптастыру бөлігінде активтер сапасын жақсарту бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізді. Сонымен қоса банктер акционерлері банктердің басшылығы мен акционерлеріне шығыстар мен төлемдерді шектеу бойынша қатаң міндеттемелер қабылдады.

АСБ нәтижелері бойынша банктер процестерінің, деректерінің, саясаттарының және рәсімдерінің сапасын арттыру бағыттары айқындалды. Ұсынымдар мен түзету іс-шараларын толыққанды іске асыру банктер салымшыларының мүддесін қорғауды қамтамасыз етеді, тәуекелдердің жинақталуының алдын алады және қаржы жүйесінің ішкі және сыртқы күйзелістерге орнықтылығын арттырады.

Банктер үшін түзету шараларының негізгі қағидаттары айқындалған және қазіргі кезде банктердің іс-шараларында көрсетілген шараларды қолданыстағы саясаттар мен рәсімдерде жан-жақты көрсету үшін оларды нақтылау жүргізілуде. Осы жұмыс 2020 жылғы наурыздың соңына дейін аяқталады.

АСБ-ға қатысушы банктер бойынша АСБ нәтижелері көрсетілген қорытынды есеп 2020 жылғы 28 ақпанда сағат 17-00-де Агенттіктің сайтында активтер сапасын бағалауға арналған бөлімінде жарияланады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сондай-ақ WhatsApp арқылы немесе әлеуметтік желілерде таратылатын дәйексіз және қасақана жалған ақпараттың құқық қорғау органдарына шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттың авторларын және таратушыларын анықтау үшін берілетінін хабарлайды.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын және мүдделерін қамтамасыз етуге қатысты барлық сұрақтар бойынша Агенттікке мына телефон бойынша өтініш жасауды сұраймыз: +7708 9332780.

Дата публикации
28 февраля 2020
Дата обновления
28 февраля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы