Меню

Страницы

Статья

Агенттік басшылығы Astana Finance Days сессияларына қатысты

Сіздермен Аstana Finance Days Бесінші жыл сайынғы қаржы конференциясының ESG сессиясында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің атынан амандасуға рұқсат етіңіздер.

Орнықты даму қағидаттарына көшу және «жасыл» қаржыландыру үлесін арттыру негізгі жаһандық үрдіс болып табылады. ESG халықаралық қағидаттары мен стандарттарына сәйкес экономиканы трансформациялау сыртқы қаржыландыруды тартудың міндетті талабы болып табылады.

ESG-ге көшу қажеттілігі қаржы құралдарына сұраныс пен ұсыныс жағынан да байқалатынын атап өткен маңызды. Сонымен қатар, капиталдың жаһандық нарықтарына қол жеткізудің өзі қаржы ұйымдарының ESG қағидаттарын енгізуімен байланысты. Эмитенттер мен қарыз алушылар да «жасыл» қаржыландыруды тартуға жоғары сұранысқа ие.

Қарқынды өзгеретін орта қаржы реттеушілері үшін көрсетілген қағидаттарды реттеуге жедел енгізу бойынша сын-тегеуріндерді талап етеді.

Жаһандық деңгейде реттеушілер орнықты қаржыландырумен байланысты бірқатар стандарттар мен қағидаттарды әзірледі, олар бүкіл әлемдегі реттеушілер үшін бағдар болды.

БҰҰ «G20» жанындағы климатқа байланысты қаржылық ақпаратты ашу жөніндегі нысаналы топ (Task Force on Climate-related Financial Disclosures, TCFD); БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының қолдауымен Есептілік жөніндегі жаһандық бастама (Global Reporting Initiatives, GRI), Орнықты даму саласындағы есеп стандарттары жөніндегі кеңес (Sustainability Accounting Standards Board, SASB)  сияқты халықаралық ұйымдар әзірлеген стандарттарды жеке атап өткім келеді (ЮНЕП).

Қаржы жүйесін реттеуші ретінде Агенттік орнықты даму қағидаттарын қаржы ұйымдарының стратегиялары мен бизнес үлгілеріне кезең-кезеңімен ықпалдастыру саясатын жүргізеді.

Бірінші кезеңде Агенттік қаржы ұйымдарына ESG тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі туралы ақпаратты ерікті түрде ашу бойынша ұсынымдар жобасын әзірледі. Қаржы ұйымдары ESG тәуекелдерінің олардың қызметіне әсерін бағалау бойынша объективті ақпараты бар жыл сайынғы есептілік шеңберінде ұсынымдарды өз еркімен енгізе алады және есепті жариялай алады.

Келесі қадам ерікті түрде ашудан қаржы ұйымдарының ESG қызметі бойынша ақпаратты есептілікте міндетті түрде ашуға көшу болады.

 

Екіншіден, біз тәуекелдерді басқарудың ішкі жүйесін және банктердің корпоративтік басқару жүйелерін өзгерту үшін реттеушілік нормаларға қажетті өзгерістерді көздейміз.

ESG үшінші кезеңінде тәуекелдер қаржы ұйымдарын қадағалау жүйесіне ықпалдастыратын болады. ESG тәуекелдерінің мониторингі банктер бойынша SREP жыл сайынғы қадағалап бағалау шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Қадағалап стресс-тестілеу аясында Агенттік 2024 жылы қаржы ұйымдары үшін ESG тәуекелдерінің стресс-тестілеуін өткізуді жоспарлап отыр. Стресс-тестілеудің әдіснамасы мен сценарийлері 2023 жылы әзірленетін болады.

Көрсетілген кезеңдерді іске асыру үшін Агенттік орнықты даму қағидаттарын іске асыру жөніндегі құқықтық базаны құру бойынша халықаралық қаржы ұйымдарымен белсенді ынтымақтастық жасайды.

2022 жылғы сәуірде Агенттік IFC-мен ESG бойынша ынтымақтастық туралы шарт жасасты. Қазақстанда орнықты және «жасыл» қаржыландыруды енгізу жөніндегі жол картасын әзірлеу, сондай-ақ жасыл таксономияны халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру жоспарлануда. IFC-пен бірлесіп  қаржы ұйымдары үшін ESG тәуекелдерін басқару жөніндегі нұсқау және ESG тәуекелдері бойынша ақпаратты ашу жөніндегі нұсқау әзірленетін болады.

 

 

 

Сонымен қатар, Агенттік ЕҚҚДБ мен IFC-пен бірлесіп қаржы нарығына қатысушылардың ESG мәселелері және орнықты қаржыландыру құралдары туралы хабардар болуын арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізетін болады.

Ағымдағы жағдай туралы айтатын болсақ, банк секторының корпоративтік басқаруға және өзінің операциялық қызметіне орнықты даму қағидаттарын белсенді түрде енгізіп жатқандығын атап өткен жөн.

Еуропалық корпоративтік басқару институтының есебіне сәйкес  банк секторында ESG кредиттер беру көлемінің 2016 жылғы 6 млрд АҚШ долларынан 2021 жылғы 322 млрд АҚШ долларына дейін жаһандық деңгейде елеулі түрде өскендігі байқалады.

Қазақстанда Халық Банкі өз есептілігін GRI халықаралық стандарттарына сәйкес келтіріп, 2021 жылдан бері 4 жоба бойынша 61 млн АҚШ доллары сомасына «жасыл» кредиттер берген алғашқы банк болды.

PWC зерттеуінің нәтижелері бойынша 2020 жылғы орнықты даму туралы жылдық есептер дайындаған Қазақстандағы 96 компанияның ішіндегі 5 ұйым – бұл екінші деңгейдегі банктер (Халық Банкі, Сбербанк, Еуразиялық Банк, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Қазақстанның даму банкі).

Квазимемлекеттік сектордың компаниялары да өз қызметіне орнықты даму қағидаттарын енгізуде. «Бәйтерек» ҰБХ мен «Самұрық-Қазына» және олардың еншілес ұйымдары, сондай-ақ Еуразия даму банкі орнықты даму саясаттарын бекітті.

Сондай-ақ капитал нарықтары да орнықты даму бойынша жаһандық бастамаларды іске асырудың драйвері болады.

Climate Bonds Market Intelligence деректері бойынша «жасыл» облигациялардың халықаралық нарығының көлемі 2021 жылы бір жарым триллион АҚШ долларынан (517,4 млрд АҚШ доллары) астам болды.

Қазақстанда 2021 жылдан бері орнықты қаржыландыру құралдарын: «жасыл», әлеуметтік облигациялар, орнықты даму облигацияларын шығаруға қажетті құқықтық орта қалыптастырылды.

Бүгінгі күні  орнықты дамумен байланысты облигациялар нарығының мөлшері 200 млн АҚШ долларынан (95,8 млрд теңге) асып түседі. KASE-де мұндай облигациялардың көлемі 125 млн АҚШ долларын құрайды. Азия даму банкі  (79 млн АҚШ доллары), Еуразия даму банкі  (43 млн АҚШ доллары),  ДАМУ қоры (2,2 млн АҚШ доллары) эмитенттер болды.

Сондай-ақ, AIX биржасында 83 млн АҚШ доллары сомасына, оның ішінде Еуразия даму банкі (43 млн АҚШ доллары), Самұрық-Энерго (40 млн АҚШ доллары) облигациялар орналастырды.

Қорытындылай келе, ESG қағидаттарын реттеуге кезең-кезеңімен ықпалдастыруды іске асырудың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан жауапты қаржы жүйесін құруды қамтамасыз ететінін, сондай-ақ ESG-қағидаттарына негізделген инвесторларды тарту арқылы қаржы ұйымдарының халықаралық капитал нарығына қолжетімділігін кеңейтетінін атап өткім келеді.

 

Бүгінгі сессияға қатысушыларға тағы да алғысымды білдіремін және алдағы уақытта жұмыстарына табыс тілеймін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 июня 2022
Дата обновления
29 июня 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы