Меню

Страницы

Статья

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне стресс-активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында ҚР ҚНРДА Төрағасының баяндамасы

Сіздердің қарауларыңызға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ұсынылып отыр.

Бұл заң жобасы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы стрестік активтерді экономикалық айналымға қайтару жөніндегі тапсырмасына сәйкес әзірленді.

Заң жобасының негізгі мақсаты стрестік активтердің өтімді нарығын нарықтық негізде дамыту және оларды экономикалық айналымға тарту үшін жағдай жасау болып табылады.

2017  (екі мың он жетінші) жылдан бастап жекелеген банктердің қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасы іске асырылуда. Ол банктер акционерлерінің анықталған шығындарды өтеуге бірлесіп қатысуы талаптарымен банктерге қолдау көрсетуге бағытталған.

Бағдарлама іске асырылған сәттен бастап
977 (тоғыз жүз жетпіс жеті) млрд теңгеге қосымша провизиялар қалыптастырылды, 1,4 (бір де төрт) трлн теңгеге проблемалық қарыздар есептен шығарылды және 5,4 (бес те төрт) трлн теңгеге жаңа қарыздар берілді. 2017  (екі мың он жетінші) жылдан бастап Агенттік 8 төлемге қабілетсіз банктің лицензиясын қайтарып алды.

2017-2021 (екі мың он жетінші – екі мың жиырма бірінші) жылдар аралығында қабылданған шаралар нәтижесінде барлығы 6,7 (алты да жеті) трлн теңге сомаға стрестік активтер есептен шығарылды. 2022 (екі мың жиырма екінші) жылғы                       1 (бірінші) қаңтардағы жағдай бойынша стрестік активтер мөлшері 2,3 (екі де үш) трлн теңгені немесе банк жүйесі активтерінің 6%-ын (алты пайызын) құрады.

Стрестік активтердің мынадай  4 тобы бар: төлеу мерзімі 90 (тоқсан) күннен асқан кредиттер 870 (сегіз жүз жетпіс) млрд теңге сомаға, қайта құрылымдалған кредиттер 936 (тоғыз жүз отыз алты) млрд теңге сомаға, өндіріп алынған мүлік 156 (бір жүз елу алты) млрд теңге сомаға және банктердің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарының активтері 356 (үш жүз елу алты) млрд теңге сомаға.

Банктердің балансын жұмыс істемейтін кредиттерден мемлекет қаражатын тартпай тазартудың нарықтық тетігін құру үшін стрестік активтердің өтімді нарығын дамыту қажет.

Стрестік активтер нарығын құру үшін осы заң жобасы                            4 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді және мынадай негізгі бағыттардан тұрады.

Біріншіден, заң жобасында стрестік активтерді авторизацияланған сатып алушылардың қолданыстағы тізімін жеке инвесторларды қосу арқылы кеңейту көзделеді.

Қазіргі уақытта Банктер туралы заңның 36-1 (отыз алты да бірінші) бабына сәйкес авторизацияланған сатып алушылар тізіміне екінші деңгейдегі банктер, банктердің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдары, Проблемалық кредиттер қоры, коллекторлық агенттіктер және басқа да қаржы ұйымдары кіреді. Бұл ретте, тізім кеңейтіліп, банктердің және микроқаржы ұйымдарының стрестік активтерін жеке инвесторларға сату құқығы беріледі.

Жеке инвесторларға заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің тек проблемалық қарыздарын сатып алуға рұқсат етіледі. Заң жобасында қарыз алушы – жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін жеке тұлғалардың кредиттерін инвесторларға сату көзделмеген.

Екіншіден, заң жобасында сервистік компаниялар институтын құру көзделеді. Олар жеке инвесторларға жұмыс істемейтін кредиттерге қызмет көрсету және басқару қызметтерін көрсетеді.

Сервистік компаниялардың функцияларын тиісті тәжірибесі мен құзыреті бар банктердің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарына және коллекторлық агенттіктерге беру ұсынылады.

Сервистік компаниялар активтерді сенімгерлік түрде басқарады, өндіріп алудың жеке стратегиясын әзірлейтін болады және стрестік активтердің иелеріне басқа да қызметтер көрсетеді.

Заң аясындағы деңгейде сервистік компаниялар үшін капиталдың мөлшері, нарықтағы жұмыс тәжірибесі, мінсіз іскерлік беделінің болуы және қадағалау шаралары мен санкциялардың болмауы жөнінде жоғары талаптар белгіленетін болады.

Агенттік белгіленген талаптарға сәйкес келетін сервистік компаниялардың тізілімін жүргізіп, олар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

Бұл қарыз алушылардың құқықтарын қорғаудың қосымша тетігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, себебі аталған ұйымдар Агенттіктің реттеу аясына жатады.

Үшіншіден, заң жобасында жеке инвесторлар үшін ірі корпоративтік қарыздарды 50 млн теңгеден астам дербес басқару мүмкіндігі көзделеді.

Кредиттерді сервистік компанияларға сенімгерлік басқаруға беру бойынша талап мынадай проблемалық кредиттерге қолданылады:

біріншіден, заңды тұлғалардың берешегі 50 (елу) млн теңгеден аспайтын ұсақ қарыздарға;

екіншіден, дара кәсіпкерлердің қарыздарына;

үшіншіден, инвестор бейрезидент болып табылса.

Проблемалық қарыз алушылардың және дара кәсіпкерлердің жалпы саны – 1,1 (бір де бір) трлн теңге сомаға 16 (он алты) мың қарыз алушыны құрайды. Заңды тұлғалардың 50 (елу) млн теңгеден астам ірі қарыздарына 1 (бір) трлн теңге сомаға шамамен 2 мың қарыз алушы, ал 50 (елу) млн теңгеден аз қарыздарға 128 (бір жүз жиырма сегіз) млрд теңге сомаға шамамен 14 мың қарыз алушы тиесілі.

Қарыз алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында банктік қарыз және микрокредит шарттары шеңберінде кредитордың қарыз алушымен өзара қарым-қатынастарына қойылатын барлық талаптар мен шектеулер жеке инвесторға қолданылатын болады.

Осылайша, қарыз алушылардың құқықтары жеке инвесторлар мен сервистік компаниялар алдында қорғалады.

Төртіншіден, заң жобасы өндіріп алынған мүліктің, яғни банктің меншігіне өткен мүліктің банктердің және микроқаржы ұйымдарының баланстарында болуы үшін шекті мерзімді                            3 жыл деп белгілеуді көздейді.

Бұл банктер мен микроқаржы ұйымдарын стрестік активтерді экономикалық айналымға жедел түрде тартуға ынталандырады.

Бұл ретте, Жер кодексінде жер учаскелеріне қатысты белгіленген нормалар және жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою мерзімдері сақталады.

 

 

 

Дата публикации
23 июня 2022
Дата обновления
23 июня 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы