Меню

Страницы

Статья

SREP әдіснамасы

Supervisory Review and Evaluation Process (SREP) әдіснамасы бойынша қадағалау процесінің қысқаша сипаттамасы

SREP әдіснамасы – қадағалау бөлімшесінің сандық және сапалық көрсеткіштердің талдауы негізінде банктің қаржылық тәуекелдерін шолу және бағалау бойынша жыл сайынғы қадағалау процесін білдіреді.

Модельдің негізіне  даму моделін, онымен байланысты стратегиялар мен саясатты; ішкі бақылауды; капитал мен өтімділікке қауіп төндіретін тәуекелдерді басқару жүйелерін; корпоративтік басқаруды жетілдіруге банкті ынталандыру қағидаты алынған.

SREP келесі кезеңдерден тұрады:

1 кезең – күнтізбелік жылға (жоспарлау жылы) арналған қадағалау іс-әрекеттерінің бағдарламасы (Supervisory examination program, SEP) қадағалау іс-әрекеттерінің  негізгі бағыттарын, оларды іске асырудағы  басымдылықтарды, қадағалау қызметінің қарқындылық дәрежесін анықтайды.

2 кезең – тәуекелдерді бағалау жүйесі бойынша (RAS, Risk Assessment System) қадағалау бағалау мыналарды:

1) бизнес -модельді және кірістілікті;

2) корпоративтік басқару және тәуекелдерді басқаруды;

3) капиталдың тәуекелдерін;

4) өтімділік және қорландыру тәуекелдеріне сапалық және сандық талдау жүргізу негізінде 4 санат бойынша жүзеге асырылады.

3 кезең – қадағалау  шаралары (қажет болған жағдайда), мыналарды ескере отырып:

  • теңбе-теңдік қағидаты;
  • шаралардың тиімділігі;
  • күтілетін шығасылар  мен шараларды қолданудан түсетін пайда;
  • банктің шараны орындау мүмкіндігі (жеткілікті ресурстардың болуы);
  • шараны орындауға мүмкіндік беретін тиісті корпоративтік құрылымның болуы.

Қадағалап ден қоюдың негізгі өлшемі - капиталдың жеткіліктілігі мен өтімділік коэффициенттеріне қадағалау үстемеақы.

Дата публикации
16 октября 2020
Дата обновления
16 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы