«Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 Қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесіне қатысу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне аккредиттеу жүргізу туралы хабарлайды.
Аккредиттеуді алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттар ұсынады:
1) Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.
Мерзімсіз негізде аккредиттеу туралы куәлік алу үшін өтініш беруші өзі жүгінетін мемлекеттік органға аккредиттеу туралы куәліктің үш көшірмесін де ұсынады.
Аккредиттеуді алу үшін құжаттар пакеті 2022 жылғы 12 қаңтарға дейінгі мерзімде қабылданады».