Қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі белгілейтін экономикалық шектеулер пруденциялық нормативтер болып табылады.
Пруденциялық реттеу тәсілдері Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті, Сақтандыруды қадағалаудың халықаралық қауымдастығы, Халықаралық зейнетақы бақылаушылары ұйымы, Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымы, Еуропалық Одақ, Исламдық қаржылық қызметтер жөніндегі кеңестің халықаралық стандарттарын ескере отырып айқындалады.