Меню

Страницы

Статья

Қаржы өнімдерін мониторингтеу

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өз құзыреті шеңберінде жүйелі негізде төмендегідей мақсатпен қаржы өнімдеріне мониторинг жүргізеді:

1) қаржылық қызметтерді ұсынатын қаржы ұйымының қызметтер құны және оны таңдау құқығы туралы ақпаратқа қол жеткізуге тұтынушылардың құқығын іске асыру үшін қандай да бір қызметтерге қаржы ұйымдары ұсынатын өнімдер, комиссиялар және тарифтер туралы қаржылық қызметтерді тұтынушылардың хабардар болу деңгейін арттыру.

 2) нарықта көрсетілетін қаржылық қызметтерді бақылау;

3) нарықта рұқсат етілмеген қаржы өнімдері мен ұйымдарының пайда болуына жол бермеу;

4) қаржылық қызметтер нарығының ашықтығын арттыру.

Қаржы өнімдерінің мониторингі қаржы өнімдері нарығындағы ағымдағы үрдістерді бақылауға және қолданыстағы өнімдерге талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Агенттік халықпен өзара іс-қимыл жасайтын қаржы және өзге де ұйымдардың жарнамалық қызметіне алаяқтық және басқа да заңсыз іс-әрекеттер жасау мүмкіндігіне ай сайын мынадай мақсатпен жүйелі мониторинг жүргізеді:

1) екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жарнамалық қызметті жүзеге асыру кезінде жасаған алаяқтық және басқа да заңсыз әрекеттері анықталған жағдайда;

2) қаржылық қызметтерді тұтынушыларды адастыратын ақпараттың таралуын және жарнама қызметі шеңберінде қаржы және өзге де ұйымдардың алаяқтық әрекеттерін болғызбау.

Дата публикации
14 октября 2021
Дата обновления
21 мая 2025
Тип

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы