Меню

Страницы

Статья

Коллекторлар борышкерлердің жақындарын мазалайды, бұл заңды ма?

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры - Александр Терентьев

Азаматтардан коллекторлардың заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты келіп түсіп жатқан өтініштеріне жасалған талдау қарыз алушылардың негізгі шағымдары коллекторлық агенттіктің борышкермен және оның туыстарымен өзара қатынас жасау тәртібін бұзуына байланысты екенін көрсетіп отыр.

 

        2017 жылы коллекторлық агенттіктердің қызметін реттейтін «Коллекторлық қызмет туралы» ҚР Заңы қабылданды. Осы заңға сәйкес коллекторлық агенттіктердің қызметін мемлекеттік реттеуді және бақылауды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) жүзеге асырады. Заңда коллекторлық агенттіктерге ненің рұқсат етілгені, ненің рұқсат етілмегені анық жазылған. Бірінші кезекте, неге көңіл аудару қажет: коллекторлық агенттік өз қызметін Агенттікте есептік тіркеуден өткеннен кейін және оны коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізгеннен кейін ғана жүзеге асыруға құқылы.

      

Егер коллекторлар борышкердің таныстарына, үшінші тұлғаларына хабарласып, мазасын алса

 

Коллектор борышкердің үшінші тұлғаларымен байланыс орнатып, борышкердің қайда екені жайында мәліметтер жинақтай алады. Кез келген адам, мысалы, туыстары, достары, әріптестері, таныстары және т.б. борышкердің үшінші тұлғалары болып табылады.

Банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелер арқылы байланысты кез келген мәлімет, берешекті өндіріп алу туралы шарттар жасасу талаптары туралы мәліметтер және коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде коллекторлық агенттік алған және (немесе) жасаған кез келген мәлімет коллекторлық қызмет құпиясы болып табылады.

Борышкер және оның берешегі туралы кез келген мәліметтер банктік қарыз шартында және/немесе микрокредит беру туралы шартта көрсетілген борышкердің оған тиісті жазбаша келісімінсіз туысқанына да, жұмыс берушіге де және басқа адамдарға да жария етілмеуге тиіс. Борышкерге қатысты коллекторлық қызмет құпиясы борышкердің өзіне, борышкердің жазбаша келiсiмi, оның ішінде банктік қарыз шартын жасасу кезінде - банк құпиясын ашуға немесе микрокредит беру туралы шартты жасасу кезінде микрокредит беру құпиясын ашуға берген жазбаша келісімі негiзiнде үшiншi тұлғаға, сондай-ақ төменде көрсетілген көрсетiлген тұлғаларға ғана ашылуы мүмкiн екенін білу маңызды (3, 4 және 5-тармақтар).

Борышкер, кредитор, берешек, банктік қарыз шарты немесе микрокредиттер беру туралы шарт шеңберінде кредитормен міндеттемелермен байланысты үшінші тұлғалар туралы, берешекті өндіріп алу туралы жасалған шарттардың талаптары туралы мәліметтер және коллекторлық агенттік коллекторлық қызметті жүзеге асырған кезде алған және (немесе) жасалған өзге де мәліметтер:

1) қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға: мөрмен расталған және прокурор санкция берген жазбаша сұрату негізінде олардың өндірісіндегі қылмыстық істер бойынша;

2) соттарға: сот ұйғарымы, қаулысы, шешімі және үкімі негізінде олардың өндірісіндегі істер бойынша;

3) мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына: әділет органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен расталған, прокурор санкция берген сот орындаушысының қаулысы негізінде олардың өндірісіндегі атқарушылық өндіріс істері бойынша;

4) прокурорға: оның қарауындағы материал бойынша оның құзыреті шегіндегі тексеру өндірісі туралы қаулы негізінде;

5) мемлекеттік кірістер органдарына: ұйғарым негізінде тексерілетін адамға салық салуға байланысты мәселелер бойынша;

6) борышкердің өкілдеріне: нотариат куәландырған сенімхат негізінде;

7) оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға: прокурордың санкциясымен банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейін бес жыл ішінде кезеңде соттың банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген адамға қатысты;

8) уәкілетті органға: коллекторлық агенттіктердің қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша беріледі.

Сонымен бірге коллектор өз компаниясы және есептік тіркеу туралы мәліметтерді хабарлай отырып, міндетті түрде өзін-өзі таныстыруға тиіс. Коллекторлық агенттікте есептік тіркеудің бар-жоғын Агенттіктің сайтынан тексеруге болады.

Коллекторлар үшінші тұлғалармен, борышкердің жақындарымен немесе туысқандарымен өзара іс-қимыл жасаған кезде оларды қорқытуға, қысым көрсетуге құқығы жоқ. Коллектордың сотқа дейін өндіріп алу бойынша бүкіл рәсімі қолданыстағы заң шеңберінде ғана өткізілуге тиіс.

Үшінші тұлғалар коллектормен сөйлесуді тоқтатуға құқылы, себебі коллектордың үшінші тұлғаларды байланысқа түсуге, онымен сөйлесуге мәжбүрлеу құқығы жоқ.

Борышкер мен оның өкілі коллекторлық агенттікпен өзара іс-қимыл жасау процесін тіркеуге құқылы және олардың құқықтары бұзылған жағдайда олар ҚР ҚНРДА-ға аудио және бейнематериалдарды қоса бере отырып жүгіне алады.

Егер борышкердің үшінші тұлғалары оның кепілгері, тең қарыз алушысы немесе кепіл берушісі  болып табылса, онда бұл жағдайда коллекторлық агенттік олармен берешекті өндіріп алу бойынша өзара әрекеттесуге құқылы.

Коллекторлық агенттік борышкермен және (немесе) оның өкілімен, және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарттың аясында кредитормен міндеттемелермен байланысты үшінші тұлғамен мынадай тәсілдер:

1) телефонмен сөйлесулер;

2) жеке кездесулер;

3) борышкер - жеке тұлғаға тұрғылықты жері бойынша (заңды мекенжайы),   борышкер-заңды тұлғаға  орналасқан орны (нақты мекенжайы) бойынша жіберілетін жазбаша (пошта арқылы) хабарламалар;

4) ұялы байланыс арқылы мәтін, дауыс және басқа хабарлар; 

5) Интернет арқылы өзара іс-әрекет жасауға құқылы.

 

Өз құқықтарыңызды естен шығармаңыздар! Коллекторлар тарапынан борышкерге немесе үшінші тұлғаларға қатысты мынадай іс-әрекеттер:  

- қорқыту, қоқан-лоққы көрсету, зорлық-зомбылық қолдану;

- тіл тигізу, балағаттау;

- түн ішінде мазалау, үйдің есегін бұзу және т.б. заңсыз болып табылады.

Коллекторлармен қарым-қатынас «Коллекторлық қызмет туралы» ҚР Заңының негізінде жүзеге асырылуы тиістігін білу маңызды. Сіздің құқықтарыңызды бұзғаны үшін коллекторларға заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады.

Егер коллектор сізге бөгде борыш бойынша үнемі қоңырау шалып, тіл тигізіп, барынша қоқан-лоққы жасаса, психологиялық қысым көрсетсе, онда сіз өз құқықтарыңызды білуіңіз керек, атап айтқанда сіз құқық қорғау органдарына жүгіне аласыз.

Борышкер және оның өкілі коллекторлық агенттікпен өзара іс-әрекет процесін жазып алуға құқылы және олардың құқықтары бұзылған жағдайда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жазба және бейне материалдарды қоса беріп, жүгіне алады.

Есіңізде болсын, Коллекторлық қызмет туралы заңмен коллекторлық агенттіктердің жосықсыз іс-әрекеттеріне тыйым салынған!

 

Сіз алдыңызда коллектор ма, әлде алаяқ па – мұны қалай тексеруге болады?

 

Бірінші: Онда есептік тіркеу бар-жоқтығын анықтаңыз. Коллекторлық агенттіктердің тізімі Агенттіктің www.finreg.kz сайтында «Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі» бөлімінде «Коллекторлық агенттіктердің тізілімі» деген кіші бөлімде орналастырылған.

Екінші - коллекторлық агенттік пен банк арасындағы шартты тексеріңіз, оған сәйкес коллекторлық агенттік сотқа дейінгі өндіріп алу және реттеу бойынша қызметтер көрсетеді. Коллекторлық қызмет берешекті өндіріп алу шарты негізінде ғана жүзеге асырылады, бұл ретте банктік қарыз шартында немесе микрокредит беру туралы шартта банктің және МҚҰ-ның үшінші тұлғаларды тартуға құқығы енгізілуі тиіс.

 

Қарыз алушыға анықтама үшін: 

 

Есептік тіркеу - коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны коллекторлық агенттіктердің тізіліміне қосу;

 

коллекторлық агенттіктердің тізілімі – коллекторлық қызмет саласындағы уәкілетті органның коллекторлық агенттіктерінің бірыңғай тізбесі;

 

коллекторлық қызмет - коллекторлық агенттіктің берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге, сондай-ақ оған байланысты ақпаратты жинақтауға бағытталған қызметі;

 

коллекторлық қызмет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган. Қазақстанда – бұл ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі;

 

кредитор - екінші деңгейдегі банк, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым немесе борышкерге берешек бойынша талап қою құқығы бар микроқаржы ұйымы.

 

 

Борышкердің қандай құқықтары бар?

 

Борышкердің құқықтары заңнамада регламенттелген. Борышкер және (немесе) оның өкілдері коллекторлық агенттіктің өкілдерімен аудио- немесе бейнетехника көмегімен келіссөздер процесін дербес түсіруге құқылы. Коллекторлардың сіздің жеке шекараңызды бұзуға құқығы жоқ екенін біліңіз.

 

Борышкер және (немесе) оның өкілі:

 

1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып,   берешекті соқта дейін өндіріп алу мен реттеуді жүзеге асыратын коллекторлық агенттік, оның орналасқан жері, оның дербес деректерінің болуы, берешектің мөлшері мен құрылымы туралы мәліметтерді кредитордан алуға;

 

2) коллекторлық агенттіктің талаптарын толық, сол сияқты ішінара, оның ішінде сотта дауласуға;

 

3) «Коллекторлық қызмет туралы» ҚР Заңы 6-бабына сәйкес берешекті реттеудің сотқа дейін тәртібіне;

 

4) коллекторлық агенттіктің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым жасай отырып уәкілетті органға жүгінуге;

 

5) кредитті толық өтеген кезде кредитордың алдында берешегінің жоқ екендігі туралы анықтама алу үшін мемлекеттік кредиттік бюроға және (немесе) кредиторға өтініш жасауға;

 

6) коллекторлық агенттіктің қызметкерлерімен аудио- және (немесе) бейнетехника құралдарының көмегімен өзара іс-қимыл процесін дербес белгілеуге;

 

7) өтініш беру себептерін негіздей отырып, көрсетілген шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты банктік қарыз шартының немесе  микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы кредиторға өтініш жасауға құқылы.

 

 

 

Дата публикации
21 февраля 2020
Дата обновления
21 февраля 2020
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы