Қазақстанда жыл сайын қаржы пирамидаларынан зардап шеккен адамдар саны өсуде. Тек 2020 жылы ғана осындай 100-ден астам компания анықталды, олардан шеккен зиян миллиардтаған теңге, ал зардап шеккен адамдар саны 40 мыңға жуық адам болды. Авторы Ринат Балғабаев түсірген деректі фильмде алаяқтарға өздерінің соңғы жинаған ақшасын берген бес қазақстандық азаматтың оқиғасы туралы айтылады.
Фильмде «Гарант 24 Ломбард» және осыған ұқсас компаниялардың жанжалға толы оқиғасы суреттеледі. Фильм авторлары сарапшылардың кеңестерін және құқық қорғау органдарының түсініктемелерін жазып алды.
ҚНРДА Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаментінің директоры Дәурен Сәлімбаев:
«2020 жылы Агенттік осындай 80-ге жуық ұйымды анықтады, олар туралы барлық ақпарат құқық қорғау органдарына берілді. Өте көп жаңа компаниялар құрылуда, бұл ең алдымен халықтың жоғары табыс алу мүмкіндігін күтуіне байланысты. Кез келген пирамидада желілік маркетинг белгілері бар, яғни жаңа қатысушыларды тартқаны үшін белгілі бір бонус алынады. Тиісінше, адамдар осы бонустарды алу үшін көбірек адамды, бірінші кезекте өздерінің туысқандарын, таныстары мен достарын тартады.».
Фильм авторлары 40 минуттық бейнематериалда алаяқтардың адамдарды жоғары кірістілікке кепілдік беру және тез байып кету арқылы қызықтыра отырып, өз дарынын қалай шебер көрсететіні туралы айтып береді. Арасында үй шаруасындағы әйелдер, сатушылар, бухгалтер бар бес кейіпкер қаржы пирамидаларын құрушылардың қармағына қалай іліккені жөнінде әңгімелеп береді.
Фильмде тағы да еске салынатын жағдай: бүгінгі күні қаржы пирамидаларының көптеген жасырын көрінісі бар, олардың арасында тұрғын үй кооперативтері, инвестициялық компаниялар, әлеуметтік желілердегі эстафеталар және басқа да көптеген түрлері. Қаржы пирамидасын қалай танып-білуге болады және алаяқтардың құрбаны болмау үшін не істеу қажет, өз жинақтарыңды қалай дұрыс инвестициялауға болады, сондай-ақ жеке қаржылық сауаттылығыңды қалай арттыруға болады? Осы және басқа да көптеген сұрақтарға жауаптарды «Перғауындар ұрпақтары» атты деректі фильмінен табуға болады.