Меню

Страницы

Статья

ҚНРДА Төрағасы М.Е. Әбілқасымованың ҚР Үкіметінің отырысындағы баяндамасы

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Құрметті отырысқа қатысушылар!

 

        Үкімет, Ұлттық Банк және Агенттік арасындағы 2021-2023                  (екі мың жиырма бірінші – екі мың жиырма үшінші) жылдарға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім шеңберінде Агенттік қаржы нарығын дамыту мәселелері бойынша негізгі орындаушы болып табылады.

Агенттік қаржы жүйесінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын, оның ішінде тәуекелге бағдарланған қадағалау құралдарын одан әрі кеңейту арқылы қамтамасыз етеді. Банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және бизнесті кредиттеу үшін 2020 (екі мың жиырмасыншы) жылы енгізілген пруденциялық реттеудің уақытша шаралары қайта қаралады. 

Қаржы нарығын дамытудың орта мерзімді перспективадағы стратегиялық бағыттарын айқындау үшін ағымдағы жылы Қаржы секторын дамытудың 2030 (екі мың отызыншы) жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленеді.

Жұмыс істемейтін активтердің өтімді нарығын құру мақсатында құқықтық және салық кедергілерін жою үшін, сондай-ақ стрестік активтер нарығына жеке басқарушы компанияларды тарту үшін  заңнамалық түзетулер әзірленеді.

Қор нарығына жергілікті және шетелдік жеке инвесторларды кеңінен тарту үшін Халықтық IPO форматының тәсілдері айқындалады. Шағын және орта капиталы бар жеке қазақстандық эмитенттер санын ұлғайту міндеті тұр. Ол үшін Агенттік салықтық және өзге де талаптарды әзірлейді.

Компаниялардың қор нарығына шығуы үшін компаниялардың ашықтығы мен корпоративтік басқару сапасын арттыру жүйелік шара болып табылады. Осы мақсатта Үкіметпен бірлесіп биыл Ұлттық корпоративтік басқару кодексі дайындалады.

Сақтандыру нарығын дамыту үшін мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді жинақтап сақтандыруды субсидиялау бойынша заңнамалық шаралар топтамасы қабылданады. Сонымен бірге «жалпы сақтандыру» саласының жекелеген операцияларын КЖТТҚ (Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл) режимінен шығару жоспарланып отыр.

 

Назарларыңызға рақмет.

 

Дата публикации
23 февраля 2021
Дата обновления
23 февраля 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы