«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтарды қорғау және микрокредиттеу нарығындағы алаяқтық тәуекелдерін азайту үшін микроқаржылық қызметті лицензиялау енгізілді.
Заңды тұлға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында микроқаржылық ұйым, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап алты ай ішінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін уәкілетті органға жүгіне алады.
Агенттік Басқармасының 2020 жылғы 23 қарашадағы
№ 108 қаулысымен Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидалары, Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілді.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініш және тиісті құжаттар ұсынады.
Құжаттарды көрсетілетін қызметті алушы қағаз тасымалдағышта не «электрондық үкіметтің» www.egov.kzwww.elicense.kz веб-порталы арқылы электрондық түрде «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларына қосымшаға сәйкес ұсынады.
Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларында лицензия беру тәртібі не дәйекті бас тарту, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның телнұсқасын қайта ресімдеу, беру, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не тоқтату көзделген. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия толық құжаттар топтамасын берген күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде беріледі. Лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 жұмыс күні ішінде және МҚҰ, кредиттік серіктестік, ломбард бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензия қайта ресімделсе 30 жұмыс күнінен кешіктірілмейді. Лицензияның телнұсқасын беру 2 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылатын болады.
Лицензиялау қағидаларында микроқаржылық қызметті жүзеге асыру бойынша біліктілік талаптары да көзделген. Талаптардың ішінде –бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйенің болуы. Ломбардтар үшін заттарды сақтау мәселелерін қоса алғанда, үй-жайдың қауіпсіздігі мен техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жүйесі, ломбардтарда заңсыз алынған заттардың айналымына қарсы іс-қимыл бойынша шаралар туралы мәліметтер ұсыну көзделген.
Бұдан басқа лицензия беру туралы өтініште қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында бірыңғай ақпараттық жүйеге қосылу талабын орындау туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.
Қағидалар басшы қызметкерлерге қойылатын мынадай талаптарды регламенттейді:
Лицензиялау қағидаларында сондай-ақ меншікті капиталдың ең аз мөлшерінің сақталуы туралы мәліметтерді, «Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысымен бекітілген жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінің төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну көзделеді.
Заң қолданысқа енгізілгенге дейін есептік тіркеуден өткен микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін 2021 жылғы 1 наурызға дейін уәкілетті органға өтініш жасауға құқылы. Осы талап сақталмаған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру не тарату туралы сотқа талап арыз беруге құқылы.
Агенттік Басқармасының 2020 жылғы 23 қарашадағы № 108 қаулысының толық мәтінімен уәкілетті органның ресми сайтындағы www.finreg.kz мекенжайы бойынша «Агенттіктің НҚА» бөлімінде танысуға болады.
ҚНРДА Сыртқы коммуникациялар басқармасы:
+7(727) 2371090,
email: press@finreg.kz