Меню

Страницы

Статья

Jýsan Банктің АТФ Банкті иеленуі туралы баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес «АТФ Банк» АҚ-тың Jýsan тобына қосылуы бойынша мәмілені іске асыру үшін Агенттік «Jýsan Банк» АҚ-қа АТФ Банктің 99,76% акцияларын сатып алуға және «АТФ Банк» АҚ-тың ірі акционері Ғ.Ш. Есенов мырзаға Jýsan Банктің 19,97% акцияларын иеленуге келісім берді. Сонымен бірге мәмілеге қатысушылар АТФ Банктің еншілес ұйымы, «Оптима Банк» АҚ-қа қатысты Қырғыз Республикасы Ұлттық Банкінің тарапынан акционерді ауыстыруға қажетті рұқсаттар алды.

Банктердің бірігуінің қаржылық моделі қосылу мен бірігудің классикалық моделіне (M&A) сәйкес келеді, онда банктің 124 млрд теңге мөлшеріндегі меншікті капиталы қосымша провизиялар құру үшін пайдаланылды. Жұмыс істеп тұрған акционер шығындарды өтегеннен кейін Jýsan Банк АТФ Банкті 97 млрд теңге сомаға үстеме капиталдандыруды жүзеге асырып, реттеушінің талаптарына сәйкес капиталдың жеткілікті деңгейін қалыптастырды. Мәміленің қорытындысы бойынша АТФ Банк провизиялардың қажетті көлемін құрды, оның капиталы мен өтімділігінің жеткілікті қоры бар, бұл ұзақ мерзімді болашақта банктің қаржылық орнықтылығын және тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

Агенттік Қазақстанның аса ірі банктерінің бизнес-модельдерін біріктіру банк секторының тұрақтылығын арттыруға және екі банктің қаржылық әрі технологиялық артықшылықтарын пайдалану есебінен халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал етеді деп есептейді. Jýsan Bank және АТФ Банк активтерінің жиынтық көлемі 3 трлн теңгеге жуық, ал екі банктің жалпы нарықтық үлесі банк секторы активтерінің 10%-ына жетеді деп күтіледі.

Jýsan Bank және АТФ Банктің ағымдағы қызметі, сондай-ақ банктердің клиенттері үшін көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі уақтылы және толық көлемде жүзеге асырылады.

 

ҚНРДА Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 2 737 1090  

e-mail: PRESS@finreg.kz

 

Дата публикации
30 декабря 2020
Дата обновления
30 декабря 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы