«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидаларын және шарттарын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттардын мазмұнына қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидаларын, сондай-ақ бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат алу үшін ұсынылатын, Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау қағидаларын, сондай-ақ лицензия алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулысының жобасын әзірлеу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру қағидаларын және шарттарын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттардын мазмұнына қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидаларын, сондай-ақ бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат алу үшін ұсынылатын, Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау қағидаларын, сондай-ақ лицензия алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Басқарма қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.
Жоба реттеушінің шетелдік сақтандыру ұйымдары мен брокерлердің филиалдарына қоятын талаптарын тарату мақсатында әзірленді.
Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5510491 интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.
Толығырақ ақпаратты төмендегі телефон арқылы алуға болады:
+7 (727) 2 371 090
e-mail: press@finreg.kz