«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулысының жобасын әзірлеу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Басқарма қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.
Жоба реттеушінің шетелдік сақтандыру ұйымдары мен брокерлердің филиалдарына қоятын талаптарын тарату мақсатында әзірленді.
Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5503491 интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.
Толығырақ ақпаратты төмендегі телефон арқылы алуға болады:
+7 (727) 2 371 090
e-mail: press@finreg.kz
www.finreg.kz