Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы қыркүйектегі қаржы секторына шолу

  • Қазақстан банктерінде шамамен 14 трлн теңгені құрайтын өтімділіктің маңызды қоры бар, оның 12,3 трлн теңгесі жоғары өтімді активтермен ұсынылған. Еркін өтімділіктің болуы банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
  • Банк секторында капиталдың жеткілікті қоры бар. 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1-1) 19,9%-ды (ең төменгі деңгейде – 7,5%, жүйе құраушы банктер үшін – 9,5%), меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 25,3%-ды (ең төменгі деңгейде - 10%, жүйе құраушы банктер үшін - 12%) құрады, бұл жүйе бойынша орта есеппен заңнамада белгіленген нормативтерден айтарлықтай асып түседі.
  • Мемлекеттік бағдарламалардың жеңілдікті шарттары бойынша қолданыстағы қарыздарды қайта қаржыландыру және кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру түрінде халық пен ШОК субъектілерін қолдау және кредиттеуді ынталандыру бойынша қабылданған шаралар кешенінің нәтижесінде экономиканы кредиттеудің өсу қарқынының біршама жандануы байқалады.
  • Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында тұтынушылық кредиттеу тәуекелдерін төмендету бөлігінде қабылданған шектеулерге, сондай-ақ экономиканы кредиттеу бойынша қабылданған шаралар шеңберінде тұтынушылық кредиттер портфелінің 3%-ға азаюы атап өтілді. 2020 жылдың үшінші тоқсанында олардың 1,4%-ға өсу үрдісі байқалады. Бұл ретте банктердің тұтынушылық мақсаттарға жаңадан берілген кредиттерінің көлемі 2020 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,4%-ға (-621,5 млрд теңге) азайды.
  • 2020 жылғы қыркүйекте сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 1,2%-ға ұлғайды және 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1,4 трлн теңгені немесе ЖІӨ-нің 2,1%-ын құрады.
  • Акциялар нарығын капиталдандыру 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 17,7 трлн теңгені құрап, 2020 жылғы қыркүйекте 1,2%-ға азайды. Бұл ретте 2020 жылғы 1 шілдедегі көрсеткішпен салыстырғанда акциялар нарығын капиталдандыру 2,2%-ға өсті.
  • 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде депоненттер клиенттерінің 129 436 қосалқы шоты ашылды.

 

БАНК СЕКТОРЫ

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның банк секторын 26 банк құрайды. Агенттік Басқармасының 2020 жылғы 17 қыркүйектегі №80 қаулысына сәйкес «Tengri Bank» АҚ-ны банктік және өзге операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылданды.

Банк секторының жиынтық активтері 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жыл басынан бері 11,6 млрд теңгеге ұлғайып, 29 902,7 млрд теңгені құрады.

Банктердің шамамен 13 996 млрд теңгені немесе активтердің 46,8%-ын құрайтын айтарлықтай өтімділік қоры бар, оның ішінде шамамен 12 289,7 млрд теңге өтімділігі оғары активтер. Бос өтімділіктің болуы банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Банк секторының жиынтық міндеттемелерінің көлемі  жыл басынан бері 26 208,2 млрд теңгеге дейін 13,2%-ға өсті. 

Банк секторы міндеттемелерінің құрылымы негізінен банктердің жиынтық міндеттемелерінің 78,8%-ын немесе 20 639,6 млрд теңгені құрайтын депозиттік портфельмен ұсынылды. Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар және басқа банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар сияқты басқа да міндеттемелердің үлесі тиісінше 7,2% және 2,5%-ды құрады.

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша банк секторының жеткілікті капитал қоры бар. Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1-1) – 19,9% (ең төмен деңгей кезінде – 7,5%, жүйе құраушы банктер үшін – 9,5%), меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 25,3% (ең төмен деңгей кезінде – 10%, жүйе құраушы банктер үшін – 12%), бұл жүйе бойынша орташа алғанда заңнамада белгіленген нормативтер айтарлықтай асады.

2020 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша банк секторының таза пайдасы 596,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 38%-ға көп, бұл негізінен «First Heartland Jýsan Bank» АҚ қызметінің қаржылық теріс нәтижесіне байланысты.

Пайданың байқалып отырған өсуі аясында активтер мен меншікті капиталдың рентабельділігінің көрсеткіштері тиісті жақсарғанын көрсетіп отыр. Мәселен, банк активтерінің рентабельділігі (ROA) есепті күнгі жағдай бойынша 3,44%-ды (2019ж. 01.10. – 2,27%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 26,19%-ды (2019ж. 01.10. – 18,5%) құрады.

ДЕПОЗИТ НАРЫҒЫ[1]

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2020 жылғы  қыркүйекте 3,3%-ға және жыл басынан бері 12,4%-ға ұлғая отырып, 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 21 371,2 млрд теңгені құрады.

Заңды тұлғалардың депозиттері қыркүйекте 11 141,0 млрд теңгеге дейін 4,5%-ға (жыл басынан бері 13,1%-ға), жеке тұлғалардың депозиттері 10 230,2 теңгеге дейін 2,1%-ға (жыл басынан бері 11,6%-ға) өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 2020 жылғы  қыркүйекте 2,2%-ға ұлғайып, 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 12 631,4 млрд теңгені құрады  (жыл басынан бері 16,7%-ға өсті), шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 8 740,1 млрд теңгеге дейін 5,1%-ға (жыл басынан бері – 6,6%-ға) ұлғайды. Нәтижесінде долларлану деңгейі 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 40,9%-ды  (жыл басынан бері– 43,1%-ды) құрады.

 

КРЕДИТ НАРЫҒЫ[2]

Банктер бойынша кредиттеудің жиынтық көлемі 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша  14 345,5 млрд теңге болды, ол 2020 жылғы қыркүйекте 1,1%-ға ұлғайды. Жылдың басына бері банк секторының несие портфелі 3,5%-ға өсті.

Заңды тұлғаларға кредиттердің жиынтық көлемі 2020 жылғы қыркүйекте 7 302,8 млрд теңгеге дейін 0,2%-ға өсті, бұл ретте  шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін  (ШОК) кредиттеу осы кезеңде 2 232,8 млрд теңгеге дейін 0,1%-ға ұлғайды.

2020 жылғы қыркүйекте жеке тұлғаларға кредиттердің көлемі 7 042,7 млрд теңгеге дейін 2%-ға өсті. Жылдың басынан бері жеке тұлғаларды кредиттеу 5,7%-ға ұлғайып, оң серпінге ие болды.

Банктердің тұтынушылық мақсатқа қайта берілген кредиттерінің көлемі  2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2019 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда  19,4%-ға (-621,5 млрд теңге) азайды.

Тұтастай алғанда халықты және ШОК субъектілерін кредиттер бойынша төлеу мерзімін кейінге қалдыру және мемлекеттік бағдарламалардың жеңілдік берілген талаптары бойынша қолданыстағы қарыздарды қайта қаржыландыру түрінде кредиттеуді ынталандыру мен қолдаудың кешенді қабылданған шаралары нәтижесінде экономиканы кредиттеудің өсу қарқынының кейбір жандануы байқалады.

Халықты ипотекалық кредиттеу көлемі 2020 жылғы қыркүйекте 3,6%-ға ұлғайды және  2020ж. 1 қазандағы жағдай бойынша  2 097,8 млрд теңге болды.

Тұтынушылық мақсатқа кредиттердің өсу қарқыны бір айда (+1,3%) ипотекалық кредиттеу көрсеткішінен 3 есе аз болды және тұтынушылық қарыздар көлемі 2020 жылғы 1 қазанда  4 241,9 млрд теңгеге жетті.

90 күннен аса мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің кредиттік портфельдің жалпы көлеміндегі үлесі ағымдағы жылғы 3-тоқсанда 9%-дан 8,4%-ға дейін (1 349,3 млрд теңгеден 1 278,2 млрд теңгеге дейін) төмендеді. Бұл ретте жеке тұлғалардың портфелінде 90 күннен аса мерзімі өткен берешегі бар қарыздар деңгейі 6,2%, ШОБ портфелінде – 13,7%, заңды тұлғалардың портфелінде – 7,4% болды.

Ағымдағы жылғы есепті айда 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен жабу деңгейі 75,6% болды. Жеке тұлғалардың 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерін провизиялармен жабу 69%, заңды тұлғалар – 87,9%, ШОБ – 73,7% болды.

 

Негізгі капитал банк жүйесі бойынша 90 күннен аса мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің мөлшерін (провизияларды шегергенде) 5 еседен астам өтейді, бұл капиталдың жұмыс істемейтін кредиттердің ағымдағы деңгейіне қатысты төзімділік қорының айтарлықтай екенін білдіреді.

САҚТАНДЫРУ СЕКТОРЫ

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторы 28 сақтандыру ұйымын қамтиды, оның ішінде  9 – өмірді сақтандыру бойынша.

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері қыркүйек айында 1,2%-ға ұлғайып, 1 444 млрд теңгені немесе ІЖӨ-нің 2,1%-ын құрады. Активтер құрылымында 68% - ды бағалы қағаздар құрайды. 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2020 жылғы қыркүйекте 0,9%-ға ұлғайып, 790 млрд теңгені құрады. Міндеттемелер құрылымында ең үлкен үлесті (84,2%) 2020 жылғы қыркүйекте 0,1%-ға ұлғайып, 673 млрд теңге сомада сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін сақтандыру резервтері алады.

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша меншікті капитал қыркүйек айында 1,7%-ға ұлғайып, 653 млрд теңгені құрады.

Сақтандыру секторының негізінен сақтандыру қызметінен түскен кірістер есебінен алынған таза пайдасы қыркүйек айында 12,8 млрд теңгені құрады.

Қыркүйек айында қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 35,5 млрд теңгені құрады, оның ішінде тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 34,9 млрд теңгені құрады. 2020 жылдың басынан бастап қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемі 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 373,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,1%-ға көп.

2020 жылдың қыркүйек айында жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны бойынша өсу байқалады және 855 999 шартты құрайды.

Қыркүйек айында жүргізілген сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі 9,8 млрд теңгені құрады, алдыңғы аймен салыстырғанда сақтандыру төлемдері мен оларды жүзеге асыру бойынша шығыстар санының өсуі байқалады. 2020 жылдың басынан жүргізілген сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі 114,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2%-ға артық.

Қыркүйек айында қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 1,8 млрд теңгені немесе сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемінің 5,2%-ын құрады. Қыркүйекте Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының 88,8%-ы қайта сақтандыруға берілді.

БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ

Акциялар нарығы

Акциялар нарығын капиталдандыру 2020 жылғы қыркүйекте 1,2%-ға азайып, 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 17,7 трлн теңгені құрады. Бұл ретте 01.07.2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда акциялар нарығын капиталдандыру 2,2%-ға өсті.

Қыркүйек айында акциялармен сауда-саттық көлемі 31,9 млрд теңгені құрап, 2020 жылғы  тамызбен салыстырғанда 34%-ға азайды.

2020 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша KASE индексі 2%-ға 2 426,93 тармаққа дейін төмендеді.

Облигациялар нарығы

KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі  2020 жылдың басынан 18,3%-ға ұлғайып, 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 14,3 трлн теңге құрады.

KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі өткен аймен салыстырғанда 72%-ға төмендеп, 72 млрд теңгені құрады.

Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы

KASE-де саудаланатын номинал бойынша мемлекеттік борыш сомасы қыркүйек айдың басынан 400 млн теңгеге ұлғайып, 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 16 трлн теңге құрады.

KASE-де МБҚ сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2020 жылғы 1 қыркүйектегі көрсеткішпен салыстырғанда 34,5%-ға төмендеп, қыркүйек айдың қорытындысы бойынша 265,8 млрд теңге құрады.

МБҚ бастапқы нарығында сауда-саттық көлемі 2020 жылғы қыркүйекте 231,2 млрд теңге құрады, оның ішінде 221,9 млрд теңге ҚР Қаржы министрлігімен ШОБ қолдау шеңберінде көзделген  іс-шараларды қаржыландыру мақсатында тартылды.

Ұжымдық инвестициялар нарығы

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығында 35 инвестициялық пай қоры жұмыс істейді, оның ішінде 20 аралық, 14 жабық және 1 ашық. 2020 жылғы қыркүйекте инвестициялық қорлардың саны өзгерген жоқ.

Ұжымдық инвестициялар нарығында басқарудағы активтердің жиынтық көлемі өткен аймен салыстырғанда 3%-ға азайды және 2020 жылғы қыркүйек соңында  161 млрд теңге құрады. 2020 жылғы қыркүйек соңында инвестициялық пай қорларының негізгі активі әдеттегідей, бағалы қағаздар портфелі қалып отыр (жиынтық активтердің 94%-ы), бұл ретте портфельдің 99%-ы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздардан тұрады.

Бағалы қағаздардың институционалдық құрылымы

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде депонент клиенттердің 129 436 қосалқы шоттары ашылған.

1 қазанда брокерлердің және (немесе) дилерлердің және инвестициялық портфельдерді басқарушылардың жиынтық активтері қыркүйекте 5,23%-ға ұлғайып, 414,6 млрд теңге болды. Активтер құрылымында негізгі үлеске (66,5%)  бағалы қағаздар ие.

2020 жылғы 1 қазанда міндеттемелердің жиынтық көлемі өткен аймен салыстырғанда  8,8%-ға ұлғайып, 128 млрд теңгені құрады.

Брокерлердің және (немесе) дилерлердің және инвестициялық портфельдерді басқарушылардың меншікті капиталы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі көрсеткішпен салыстырғанда 3,7%-ға ұлғайып, 286,6 млрд теңгені құрады. 

ҚНРДА Сыртқы коммуникациялар басқармасы: +7( 727) 2371090, email: press@finreg.kz

 

 

[1] ҚР Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында «Монетарлық статистика» бөлімінде ұсынылған «Депозиттік ұйымдардағы депозиттер» кестенің негізінде

(https://nationalbank.kz/ru/depositoryorganizationsdeposits/depozity-v-depozitnyh-organizaciyah-)

[2] ҚР Ұлттық Банкінің интернет-ресурсындағы «Ақша-кредит және банк статистикасы» бөлімінің деректері бойынша, «Кредит нарығы» кіші бөлімі (https://nationalbank.kz/ru/loans/kredity-bankov)

Дата публикации
04 ноября 2020
Дата обновления
04 ноября 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы