Меню

Страницы

Статья

Қаржы реттеушісі «жедел желі» нөмірін жаңартты

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) азаматтардың өтініштері үшін жедел желі телефоны нөмірінің, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері үшін кеңсе телефондары нөмірлерінің өзгергендігі туралы хабарлайды.

  • + 7 (727) 237 1000 – «жедел желі», жұмыс кестесі дүйсенбіден бастап жұма аралығындағы күндер 9.00-дан 17.00-ге дейін;
  • +7 (727) 237 1301 – Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті;
  • + 7 (727) 237 1200 – ресми өтініштер бойынша кеңсе;
  • + 7 (727) 237 1111 – азаматтардың жалпы өтініштері;
  • + 7 (727) 237 1090 – БАҚ өтініштеріне арналған баспасөз қызметі.

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Агенттіктің жедел желісіне 22,3 мыңнан аса қоңырау түсті.

Азаматтардың өтініштерін талдау азаматтардың карточкаларына әлеуметтік төлемді алуға кедергі келтіретін шектеулердің, кредиторлардың төлеу мерзімін кейінге қалдырудан бас тартуы, қарызды қайта құрылымдаудың, ағымдағы төлемдерді жүзеге асыру және төлеу мерзімін кейінге қалдыру салдарларын ескертудің қажеттілігі   туралы кредиттік ұйымдарды хабарлар ету, коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл, Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландырудың ең өзекті мәселелердің бірі екендігі көрсетті.

Қаржы реттеушісі 2020 жылғы 25 маусымда іске қосқан «Fingramota Online» мобильді қосымшасын азаматтар қыркүйек айында белсенді түрде қолданды. «Fingramota Online» - бұл Агенттіктің халықпен және бизнеспен  қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, қаржылық және өзге де ұйымдардың қызметі және қаржылық сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл етудің ыңғайлы құралы. Осы мессенджердің көмегімен Агенттікке 860-тан астам сауал келіп түскен, бұл  халықпен және бизнес өкілдерімен кері байланысты нығайту үшін аса қажет көрсетіп отыр.

Азаматтар шағымдары мен өтініштерін Агенттіктің   https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm?lang=ru сайтындағы кері байланыс нысаны арқылы  немесе info@finreg.kz электрондық поштасы арқылы, сондай-ақ Агенттіктің азаматтардың және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау тәртібіне сәйкес  жазбаша жібере алады.

Дата публикации
19 октября 2020
Дата обновления
19 октября 2020
Тип

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы