2020 жылғы 5 – 9 қазан аралығында онлайн-форматта Халықаралық инвесторлар аптасы өтіп жатыр. Жыл сайын ол әлемнің 80 еліндегі бағалы қағаздар комиссиялары ұйымының (IOSCO) бастамасымен өтеді.
Іс-шараның басты мақсаты – қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғау және инвестициялаудың негіздері туралы инвесторлардың хабардар болуын арттыру.
Қазан айында IOSCO-ның бағалы қағаздар жөніндегі реттеуші органдары және IOSCO-ның алты құрлықтағы басқа мүшелері инвесторлардың бағалы қағаздар нарығы туралы хабардар болуын арттыруға, инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға және т.б. бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізеді.
Іс-шара барысында барлық кәсіби, сол сияқты енді бастаған инвесторлардың қаржылық және инвестициялық сауаттылығы деңгейін арттыруға, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және түрлі қаржылық көрсетілетін қызметтер туралы көбірек білуге мүмкіндігі бар.
Халықаралық инвесторлар аптасын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Қазақстанның қор биржасы (KASE) қолдады.
Іс-шара презентациялар, сұрақтар мен жауаптар сессиясы түрінде өтіп жатыр, барлық қатысуға ниет білдіргендер үшін ашық.
Халықаралық бағалы қағаздар комиссияларының ұйымы (International Organization of Securities Commissions, IOSCO) бағалы қағаздар нарығындағы жоғары стандарттарды әзірлейтінін, енгізіп, олардың сақталуын қадағалайтынын атап өтеміз. Бұл стандарттар ашық нарықтар құруға, инвесторларды қорғауға және тәуекелдерді шектеуге бағытталған. IOSCO-ға қатысушылар – бұл әлемдік бағалы қағаздар нарықтарының шамамен 95%-ы. IOSCO-ның алдында тұрған негізгі міндеттер – инвесторларды қорғау, нарықтардың ашықтығын және олардың тиімділігін қамтамасыз ету, жүйелік тәуекелдерді азайту. IOSCO-ның мүшелері нарықтағы жосықсыз қатысушылар, алаяқтық схемалармен айналысатын тұлғалар мен қаржылық қызметтер көрсетуге өкілеттігі жоқ компаниялар туралы үнемі ақпарат алмасып отырады, осы деректердің барлығын бір базаға біріктіреді.
Іс-шара туралы толығырақ: http://www.worldinvestorweek.org/country.php?country=Republic%20of%20Kazakhstan сілтемесінен білуге болады.